Денсаулық сақтау министрлігі тегін АДҚ қаржыландыруды ұлғайтпақ

7 Тамыз, 2017 15:37
2017 жылғы шілдеде Медициналық қызметтердің сапасы жөніндегі біріккен комиссияның шешімімен және ҚР денсаулық сақтау министрінің бұйрығымен 2018 жылға МӘМС және ТМККК жүйесінде тегін амбулаториялық дәрілік қамтамасыз ету тізбесі қайта қаралып, кеңейтілді. Бұйрық ҚР Әділет министрлігінде тіркелу үстінде.

Ведомствода хабарлағандай, 2016 жылғы АДҚ шығыстары 77 194 551 026 теңгені құраса, жаңа бұйрыққа сәйкес, халықты дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету шығыстары жуық шамамен 106 429 019 926 теңгені (ТМККК шеңберінде – 67 910 449 291 теңге, МӘМС шеңберінде – 45 432 841 451 теңге) құрайтын болады. Осылайша, 2018 жылы мемлекет халықты тегін дәрілік заттармен қамтамасыз ету үшін қаражатты 38%-ға артық бөледі. 

Айта кетейік, Денсаулық сақтау министрлігінің жаңа бұйрығы бойынша халық ХПА бойынша дәрілердің 274 атауымен (8 атауға артық), аурулардың 48 тобына арналған медициналық бұйымдардың 8 түрімен тегін қамтамасыз етіледі. 

2018 жылға арналған тегін дәрілердің тізбесі тиімділігі дәлелденген жаңа препараттармен толықтырылған; халықаралық ұсынымдарға сәйкес, тиімділігі дәлелденбеген және клиникалық практикада қолданылмайтын дәрілік заттар алынып тасталған. 

Сондай-ақ, Республикалық деңгейде орталықтандыруға байланысты, АДҚ туралы бұйрықта жергілікті бюджет пен республикалық бюджет есебінен қаржыландыру алынып тасталған. Ақпараттандырудың қолайлылығы үшін тізбеге қосымша деректер енгізілген.

Барлық жаңалықтар