ЕАЭО елдері Иранмен ЕСА туралы келісім жасауға ниетті – Т.Саркисян

7 Тамыз, 2017 14:56
ЕЭК Алқасының Төрағасы және Иранның Бірінші Вице-президенті ЕСА туралы келісімге қол қоюды жылдамдату мүмкіндіктерін талқылады, деп хабарлады Еуразиялық экономикалық комиссияда.

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы Тигран Саркисянның Иран Ислам Республикасының Бірінші Вице-президенті Эсхак Джахангиримен кездесуінде Еуразиялық экономикалық одақ елдері мен Иран арасындағы еркін сауда аймағы туралы уақытша келісімге қол қою жөніндегі келіссөздер барысы талқыланды.

Кездесу ЕЭК Алқа Төрағасының 5 тамызда Тегеранда (Иран) ИИР Президенті Хасан Руханиді ұлықтау рәсіміне қатысуы үшін Иранға сапары аясында өтті.

«Келіссөздер процесінде біз өте қысқа мерзім ішінде маңызды нәтижелерге қол жеткіздік. Жақын уақытта қалған келісілмеген мәселелерді шешеміз деп ойлаймын. Осы кездесуіміз оған ықпал етеді деп сенемін», – деп мәлімдеді Эсхак Джахангири.

ЕЭК Алқасының Төрағасы Тигран Саркисян ЕАЭО барлық елдері Иранмен ЕСА туралы уақытша келісім жасауға қызығушылық танытатынын айтты.  

«Болашақта осы құжаттан да кеңірек әрі терең болатын жан-жақты келісімге қол қоюымыз тиіс», - деп қосты ол.

ЕЭК Алқасының Төрағасы мен ИИР Вице-президенті келіссөздер процесіне белсенді қолдау көрсетуге дайын екенін жеткізді.  

Сондай-ақ, тараптар Иран мен ЕАЭО елдерінің экономикаларындағы істердің жағдайы туралы ақпарат алмаса отырып, еркін сауда және тарифтік емес кедергілерді алып тастау ЕАЭО елдері мен Иран арасындағы тауар айналымының өсуіне елеулі оң ықпал ететінін атап өтті. 

Барлық жаңалықтар