- Басты
- Жаңалықтар
- Астанада Үндістанның әскери өнер аудиториясы ашылды
Астанада Үндістанның әскери өнер аудиториясы ашылды
ҚР Қорғаныс министрлігінде хабарлағандай, әскери өнер аудиториясының есігін ашу құқығына Үндістан Республикасы ҚК Құрлық әскерлерінің Бас қолбасшысы генерал Бипин Рават және Қазақстан Республикасы қорғаныс министрінің орынбасары генерал-лейтенант Талғат Мұхтаров ие болды.
Аудитория заманауи мультимедиялық кешенмен және бағдарламалық қамтамасыз ету өнімімен жабдықталған, жасалған жағдайлар оқу процесін жаңадан ұйымдастыруға, оны тыңдармандар мен педагогтер үшін анағұрлым қарқынды және шығармашылық етуге мүмкіндік береді.
«Үндістанның ҚК әскери өнер аудиториясы халықаралық семинарлар, тренингтер, дөңгелек үстелдер, дәрістер мен келіссөздер жүргізу үшін жақсы алаң болмақ. Аудиторияның ашылуы біздің қорғаныс ведомстволарымыз арасындағы екіжақты әскери ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған тағы бір қадам болып табылады», - деп атап өтті өз сөзінде Қазақстанның қорғаныс министрінің орынбасары.
Ведомствода бұрын Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Ұлт Көшбасшысы атындағы Ұлттық қорғаныс университетінде Қытай Халық Республикасының, Америка Құрама штаттарының және Түркия Республикасының да аудиториялары ашылғанын еске салды.
-
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды -
Әскери-қорғаныс өнеркәсібінің даму перспективалары -
Отандық өнеркәсіп салаларының дамуы және мемлекеттік қолдау шаралары -
Елордада Жеңіс Нұрлыбаевтың «Пандемия. Шектеу. Самғау...» атты жеке көрмесі ашылды -
Елордадағы Қорғаныс министрлігінің әскери колледжінде алғашқы оқуға іріктеу аяқталды -
Жол картасы аясында 5,5 мыңға жуық жұмыс орны ашылды -
Өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының сақталуына текеру жүргізілді -
Салық заңнамасындағы жаңашылдықтар -
Қорғаныс министрлігінің әскери оқу орындары оқуға қабылдауды жүргізуде -
ҚМ: Әскери ынтымақтастық, жауынгерлік дайындық және әскери білім беру мәселесі -
Елордада Дина Нұрпейісованың ескерткіші ашылды -
Еліміздегі опера және балет өнерінің дамуы -
Халықаралық стандарттарға сай учаскелік полиция пункті ашылды -
Тәуелсіздкке 30 жыл: Орта Азия елдерінің театрлары өнер көрсетеді -
ИИДМ: Өңдеу өнеркәсібі, машина жасау, теміржол көлігінің дамуы және тұрғын үй саласы