- Басты
- Жаңалықтар
- Өңірлік хаб басқаруды бағдарлайтын болады
Өңірлік хаб басқаруды бағдарлайтын болады
Конференцияны жүргізген Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Әлихан Байменов алдымен Президент Н.Назарбаевтың құттықтау хатын оқып берді. «Мемлекеттік қызметті дамыту, оны халықтың күннен-күнге өсіп келе жатқан талабына сәйкестендіру кез келген үкіметтің маңызды басымдықтарының бірі болып табылады. Ал әр елдің мемлекеттік қызмет реформасының күн тәртібі халықаралық тәжірибе, аймақтық және ұлттық ерекшеліктерді ескере отырып, өзекті мәселелерді зерделеу арқылы анықталады. Қазақстан озық халықаралық тәжірибені белсенді зерттеуге қызығушылық танытып, сарапшылар жоғары бағалаған мемлекеттік қызмет моделін дамыту тәжірибесімен бөлісуге мүдделі. Сонымен қатар мен мемлекеттік қызмет саласында үздіксіз тәжірибе, білім және ақпарат алмасу үшін тиімді институционалдық базаға айналатын Өңірлік хаб құру туралы бастаманы қолдадым. Біз хатшылықтың тиімді жұмыс істеуіне барлық жағдайлар жасап, әріптестерімізбен бірге аймақтық хаб құруға күш саламыз» деген Елбасы сөзін қатысушылар ықыласпен қабылдады.
Өңірлік хаб құру бастамасы бұған дейін де бірқатар халықаралық кездесулерде талқыланып келеді. Өткен жылы Астана экономикалық форумында да әлемнің мықты саясаткерлері мен экономист-сарапшылары қызығушылық танытып, өз тараптарынан ұсыныстарын білдірген. Конференцияда сөйлеген БҰҰ Тұрақты үйлестірушісі және БҰҰ Даму бағдарламасының тұрақты өкілі Стивен Тулл Өңірлік хабтың Даму бағдарламасы мен Мемлекеттік қызмет істері агенттігі арасындағы ұзақмерзімді жобасы екенін жеткізді. Сондай-ақ мұндай реформаларды енгізуде Қазақстанның Орта Азияда көшбасшы рөлге иек артқанын атап айтты. «Қазақстан Президенті Н.Назарбаев былтырғы желтоқсандағы Жолдауында мемлекеттік қызметті дамытудың тың тетіктері туралы айта келе, бұл қызметтердің басты мақсаты оның сапасын барынша жақсарту екеніне тоқталған еді. Менің ойымша, осы тақырыпты ерекше нысанаға алуға тиіспіз. Өйткені біздің түпкі көздегеніміз – мемлекеттік қызметті барынша кәсібилендіру болып отыр. Жалпы, халықаралық бастамаға қызығушылық артып, жоба өз мақсатына жету үстінде. Бұл мен үшін де маңызды. Сондықтан да Астанада жайғасатын осынау Өңірлік хабтың әлеуеті зор болады деп санаймыз, әрі ол Орталық Азия аймағында ғана емес, көптеген өңірлерде де халық пен мемлекетке қызмет етудегі тиімділігін танытатынына сенім мол» дейді ол.
Оңтүстік Кореяның Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Пэк Чухен Өңірлік хабтың тиімді тұстарын өздеріндегі жүйемен салыстыра отырып әңгімеледі. Жалпы кез келген елдің мемлекеттік қызмет жүйесінде проблемалар бар. Сыбайлас жемқорлық мәселесі Оңтүстік Кореяны да біразға дейін мазалаған. Дегенмен туындаған жайтты шеше алған елдердің озық үлгісі зерттеліп, тиімді тұстары қолданысқа енгізіліпті. Қазір онда шенеуніктердің жалақысы орташа, бірақ жеке секторға қарағанда тұрақты. Қызмет көрсету сапасы әлдеқайда жақсара түсіпті. Нидерландтағы Еуропа мелекеттік институтының аға лекторы Вольфганг Киф мырзаның ойынша да барлық мемлекеттің басқару ісіндегі қиын түйіндерді жеке-дара игеру оңай емес. Ойласып, ортақ шешімнің жолын тауып отыру барлық тарапқа да тиімді болмақ. Өңірлік хаб – осындай қадамдардың бастамасы. Енді салада белгілі бір сұрақ туындаса, өзара кеңесіп шығу амалдарын қарастыруға мүмкіндік туды. Қазақстанның жүйесін толыққанды талдамаған ол, кеше халыққа қызмет көрсету орталығына арнайы барғанда ондағы жұмысқа көңілі толатынын жеткізді. Ал АҚШ-тың Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Кеннет Фэйрфакс «Таяуда мемлекеттік қызмет мәселесінде көшбасшы болып табылатын АҚШ персоналды басқару кеңсесі мен Қазақстанның Мемлекеттік қызмет істер агенттігі меморандум жасады. Мұндай ынтымақтастық меморандумы арқасында тәжірибе алмасулар Қазақстан үшін де, АҚШ үшін де аса маңызды. Қазақстанның мемлекеттік қызметті өңірлік реформалау саласындағы әріптестікті мақтан тұтамыз» деген елші біздегі өзгерістердің тиімді тұстарына тоқталды. Конференция нәтижесі бойынша қатысушылар қорытынды Декларация қабылдады.
Жалпы, Өңірлік хаб ТМД және Орталық Азия мемлекеттерінің тәжірибесін өзара алмасуға, озық үрдісті ортақ ұстанымдармен пайдалануға жағдай туғызады. Мемлекеттік қызметтегі мәселелерді зерттеуге, әртүрлі басқосулар ұйымдастыруға мұрындық болады. Таяу уақытта электронды журнал мен интернетте өз порталын ашпақшы. Мұнда саладағы жаңалықтар мен тың тәжірибелерді өзара жеткізіп отырады. Байменовтың айтуынша, бүгінгі күн талабына сай қажеттілігі туындаған орталықтың жоспары мен үш адамнан тұратын хатшылығы құрыл-ған. БҰҰ-ның Даму бағдарламасы қаржылай қолдау көрсеткен. Сарапшылар халықаралық тәжірибелер мен тың тәсілдерді зерттеп, талдау жүргізеді. Өңірлік хабтың таяуда өтетін Астана экономикалық форумына мемқызметтің проблемаларын талқылауды ұсынуын алғашқы нәтижелі қадамы ретінде санауға болады.
-
Қай қалалардың әуежайында цифрлы жеке куәлікті қолдануға болады -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
МӘМС үшін төлемді қалай, қайдан жасауға болады -
ІІМ: Терроризм актілері туралы жалған хабарламаларды ашу және тергеу шаралары -
Электронды коммерция: өңірлік және ішкі дамуды ынталандыру -
Ауыл әкімін сайлау – жергілікті басқарудың реформасы -
МӘМС: Пандемия кезінде ақысыз медициналық қызметті қалай алуға болады -
«ECO MEKEN» экологиялық реалити шоу кастингiне қалай қатысуға болады -
«Рухани жаңғыру» өңірлік жобалық кеңселері қандай шаралар өткізіп жүр -
«Ashyq» мобильді қосымшасы: QR-код кімдерге беріледі, оны қайдан, қалай алуға болады -
Жамбылдағы кәсіпкерлер палатасының өңірлік кеңесіне дауыс беру басталды -
Тауарларға арналған ілеспе жүкқұжаттар тек электронды түрде болады -
Мемлекеттік басқаруды дамытудың жаңа тұжырымдамасы: жаңа құндылықтар мен цифрлық сервис -
Зейнетақы жинақтарын инвестициялық портфельді басқарушыларға беруге болады -
Жаңа Парламент Тоқаевтың басымдықтарын жүзеге асыратын беделді шақырылым болады деп сенеміз - саясаттанушы