- Басты
- Жаңалықтар
- М.Қазбекова Павлодар облысының кәсіпкерлерімен кездесті
М.Қазбекова Павлодар облысының кәсіпкерлерімен кездесті
Іс-шара депутаттардың сайлаушылармен көшпелі кездесуі шеңберінде ұйымдастырылды және «Атамекен» өңірлік палатасының алаңында өткізілді. Депутат кездесу барысында Парламент Мәжілісінің жұмысы туралы, «Ақ жол» ҚДП-ның парламенттік фракциясының қызметіндегі кейбір оң нәтижелері туралы айтып берді.
«Бүгінгі кездесуіміздің мақсаты – бұл, бірінші кезекте, депутаттың сайлаушылар алдында есеп беруі және жаңа сессияда жұмыс істеу үшін сіздерден жаңа тапсырмалар мен тілектер алу», – деп атап өтті депутат.
Іс-шаралардың негізгі бөлігі Президенттің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын талқылауға арналды.
«Негізінен рухани-этикалық қағидаттарға бағытталғанына қарамастан, іс жүзінде экономиканың маңызды мәселелері де қозғалады. Сондықтан ұлттық бизнес партиясы ретінде «Ақ жол», әрине, ұлттың рухани жаңғыруының маңызды негіздерін қолдады. Бизнестің өзіне келетін болсақ, ол халықтың мұқтаждықтарына жақын болуы керек. Жосықсыз қызметтен бас тарту – басты бағыттардың бірі болуға тиіс. Алайда, бәсекелестік үшін нарықта бірнеше қатысушы болуы қажет, ал біздің қолдау бағдарламаларының шамамен барлығы ірі экспортқа бағытталған жобаларға арналған. Жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету міндетінің шағын және орта бизнеске де қатысы бар – бұл олардың негізгі функциясы да. ШОБ-ға қатысты салық саясатындағы қолданыстағы тәсілдерді қайта қарау қажет: мысалы, жаңадан құрылған бизнесті салықтан босату», – деп атап өтті Қазбекова.
М.Қазбекова «Ақ жол» Шағын және орта бизнесті дамытудың бірыңғай тұжырымдамасын қабылдау қажет деп есептейтінін атап өтті, онда көптеген мәселелер, ең алдымен – қолжетімді қаржыландыру мәселелері ескерілетін болады, оларды банк жүйесінің тұрақтылығынан жеке шешу мүмкін емес.
Кездесу барысында кәсіпкерлердің проблемалары талқыланды. Қазбекова жиналғандарға барлық көтерілген мәселелер мен келіп түскен өтініштер қаралатынын және «Ақ жол» депутаттарының алдағы жұмысында жалғасын табатынын сендірді.
-
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
Маңғыстау облысының дамуы: Өңірді сумен жабдықтау, газ, мұнай өндіру және экология мәселелері -
Ақтөбе облысының кешенді даму жоспары бекітілді -
Ақтөбе облысының дамуы: Өңірдегі эпиджағдай, инвестиция және ШОБ-ты қолдау шаралары -
Ақмола облысының дамуы: Азық-түлік бағасын тұрақтандыру, инвестиция және түрғын үй мәселері -
Атырау облысының дамуы: Эпидемиологиялық ахуал, инвестиция, ШОБ және тұрғын үй мәселелері -
Павлодар облысының дамуы: Инвестиция, ауыл шаруашылығы және жол мәселелері -
Маңғыстау облысының дамуы: Туризм, ауыл шаруашылығы, инвестиция және ауыз су мәселесі -
Қызылорда облысының дамуы: Тұрғын үй құрылысы, азық-түлік қауіпсіздігі және білім саласы -
Түркістан облысының дамуы: Инвестиция, зауыттардың құрылысы, туризм және жол мәселесі -
Тоқаев ДДСҰ-ның Бас директоры Тедрос Адханом Гебрейесуспен кездесті -
Алматы облысының дамуы: Денсаулық, білім саласы, ШОБ және газдандыру мәселесі -
Қарағанды облысының дамуы: экономикалық даму, агроөнеркәсіптік кешен мен «Балқаш-Бурылбайтал» автожолы -
Рухани жаңғыру: Павлодар облысында фестиваль өтті -
Түркістан облысының дамуы: Сауда айналымы, экспорт, импорт және инвестиция