- Басты
- Жаңалықтар
- Қ.Әбдірахманов Иран Президентін ұлықтау рәсіміне қатысты
Қ.Әбдірахманов Иран Президентін ұлықтау рәсіміне қатысты
Ведомствода хабарлағандай, салтанаттың қарсаңында Қ.Әбдірахмановтың Иранның жаңадан сайланған Президентімен кездесуі болып өтті.
«Бүгін Иранның ғана емес, сіздің еліңіздің барлық достарының өміріндегі айтулы күн. Сізді Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың атынан құттықтау мен үшін үлкен құрмет. Соңғы жылдар ішінде Сіз Қазақстан басшысымен бірлесіп екіжақты қатынастарды стратегиялық ынтымақтастық деңгейіне көтердіңіздер», - деді Қ. Әбдірахманов.
Қазақстандық министрдің айтуы бойынша, екі елдің сыртқы саясатының міндеті 2016 жылдың ішінде өткен Н.Назарбаевтың Тегеранға және Х.Руханидің Астанаға сапарларының шеңберінде қол жеткізілген уағдаластықтардың толық іске асырылуына барынша жәрдемдесу болып табылады. Транзиттік көлік саласындағы, туризм, ауыл шаруашылығы салаларындағы, кен өндіру саласындағы жобаларды сапалы жүзеге асырудың маңызы зор, - деді Қ. Әбдірахманов.
Өз кезегінде Иран Президенті де екі елдің дамыған ынтымақтастығын атап өтті.
«Президент Н.Назарбаев пен екеуіміздің арамызда достық және өзара толық түсіністік бар. Қазақстанның көшбасшысы – әлемде аса құрметті тұлға, ол бүкіл өңір үшін көптеген жақсы істер істеді», деп атап өтті Иран Президенті.
Х.Рухани Астанадағы ғылым және технологиялар жөніндегі ИЫҰ саммитінің өткізілуіне ризашылығын білдірді және Иранның осы маңызды оқиғаға қатысатынына айтты. Президент мұнай бойынша СВОП операцияларын, Қазақстан-Түркменстан-Иран темір жол магистралын дамытуды, Каспийде теңізбен жүк және жолаушылар тасымалдарын жолға қоюды, сондай-ақ ауыл шаруашылығын қоса алғанда, барлық бірлескен экономикалық жобалар бойынша Иранның Қазақстанмен өзара тығыз іс-қимыл жасауға дайын екенін атап көрсетті.
"Каспий маңы мемлекеттерінің сауда, кеме қатынасы, экология салаларындағы ынтымақтастығы жемісті дамуда. Теңіздің құқықтық мәртебесімен байланысты бірқатар мәселелерді бірлесіп реттеу ғана қалды", - деді Х.Рухани.
Қазақстан-Иран ынтымақтастығының барынша егжей-тегжейлі мәселелері Қ. Әбдірахмановтың өз әріптесі – Иран Сыртқы істер министрі Мохаммад Джавад Зарифпен жүргізген келіссөздердің барысында талқыланды.
Ағымдағы сәтте бірнеше жүздеген миллион доллар сомасын құрайтын 21 инвестициялық жоба бірлесіп әзірленуде. Көлік және логистика саласындағы ынтымақтастықты арттыру Парсы шығанағының жағасындағы Иранның Бандар-Аббас порт қаласында Қазақстан Консулдығының тезірек ашылуына ықпал ететін болады, ол туралы екі ел арасында уағдаластық та бар.
Келіссөздер барысында тараптар халықаралық күн тәртібінің әртүрлі мәселелері, оның ішінде Сирия бойынша Астана процесінің кезекті раундына дайындық, Таяу Шығыстағы жағдай, сондай-ақ исламаралық жақындасу саласындағы бастамалар бойынша пікір алысты.
Тегеранға жасаған бір күндік сапарының барысында Қ.Әбдірахманов Қазақстанда жұмыс істейтін немесе біздің елге инвестиция салғысы келетін Иранның ірі кәсіпкерлерімен консультациялар өткізді. Министр Қазақстан Үкіметінің экономикалық дипломатияны күшейту және экономиканың басым секторларына инвесторлар тарту жөніндегі шаралары туралы хабардар етті. Иран кәсіпкерлерімен кездесу кезінде Қазақстан мен Иранның арасындағы сауда-экономикалық байланыстарды арттыру үшін шешілуі тиіс өзекті проблемалар сөз болды.
-
Еліміздің қай өңірлерінде сапалы ауыз суға қатысты проблема бар -
Шетелдік сарапшы: “Елбасы мен ел президентінің съезді өткізудегі еңбегін жоғары бағалаймын” -
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты -
Аманжол Әлтай Жолдауда көтерілген мәселелерге қатысты пікірін білдірді -
Сарапшы: Жолдауда жастарға қатысты айтылған үш мәселені атады -
Биыл «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 397 мыңнан астам адам қатысты -
Дін істері комитетінің төрағасы діни бостандықтың халықаралық саммитіне қатысты -
Қасым-Жомарт Тоқаев «Алтын жүрек» ескерткішінің ашылу рәсіміне қатысты -
ІІМ: Кәмелетке толмағандарға қатысты қылмыс саны 30%-ға қысқарды -
Мәжіліс: Азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қорғауға қатысты заң жобасы мақұлданды -
COVID-19: Қазақстанда эпиджағдайға қатысты болжам өзгерді -
Тоқаев «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпаздарымен кездесуге қатысты -
ЕАЭО нарығы: Өнім сапасына қатысты заң жобасының мүмкіндіктері -
Биыл «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 158 мыңға жуық адам қатысты -
COVID-19: Вакцинациялауға қатысты өзекті сұрақтар мен оларға жауап