- Басты
- Жаңалықтар
- Боливия Қазақстанды энергетика саласында ынтымақтастық орнатуға шақыруда
Боливия Қазақстанды энергетика саласында ынтымақтастық орнатуға шақыруда
Көрменің медиа-орталығы хабарлағандай, ағымдағы жылдың басында құрылған Боливияның жаңа энергетика министрлігі Оңтүстік Американың энергетикалық орталығына айналуды мақсат етеді. Сыртқы сауда және интеграция бойынша вице-министр өз сөзінде мемлекеттің экономика және энергетика саласындағы жоспарларымен бөлісті.
«Біз экономикалық және әлеуметтік даму жоспарымен жұмыс істеудеміз, оған 34-тен астам жоба енгізілген. Басты мақсат ол дәстүрлі энергетикалық матрицаны баламалы энергия көздері, дәлірек айтсақ күн, жел, биомасса, геотермалды, су электр станциясына алмастыруға бағытталған. Мысалы, 2020 жылы 4878 МВт электр энергиясы өндіріледі деп күтілуде, оның 2592 МВт экспортқа бағытталған. Осы ретте, мен Қазақстанның энергетикалық жеке секторын баламалы энергияны дамытуда менің еліммен жұмыс істеуге және инвестициялауға шақырамын, бұл Астана ЭКСПО – 2017 көрмесінің біздің басымызды қосудағы басты мақсаты емес пе», - деп атап өтті Эндар Вер Валтер Кларэмс.
Өз кезегінде, ҚР қорғаныс вице-министрі Талғат Мұхтаров Боливия мемлекетіне Қазақстанның ЭКСПО-2017 көрмесін Астанада өткізу бастамасын қолдағаны үшін алғысын білдіріп, көрмеге Латын Америка елдерінің қатысуының маңыздылығын атап өтті.
«Боливияның әлем бойынша жаңартылған энрегия нарығы белсенді дамып келе жатқандардың бірі. Боливия басшылығы елде табиғи газдың мол қорына қарамастан баламалы энергетиканы дамытуға мүдделі. Осы ретте, біз мемлекеттің 2025 жылға дейін өз алдына қойған мақсатын атап өтсек деп едік. Боливия осы межеге дейін елде өндірілетін энергияның 70% су, күн, жел электрстанцияларынан алуды мақсат етуде. Боливияның бұл саладағы саясаты өте құнды және ол осы көрме аясында өзге елдермен бөлісуге тұрарлық», - деп баса айтты Талғат Мұхтаров.
Ұлттық күн мерекелік шарасы аясында музыкалық және би қойылымдары көрсетілді. Шараның соңына қарай әртістердің шеруі өтті.
-
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
Отандық ғалымдар медицина саласында сұранысқа ие инновациялық өнім әзірледі -
30 қазақстандық компания «Жасыл кеңсе» конкурсының жеңімпазы атанды -
Халықты әлеуметтік қорғаудың қазақстандық моделі -
ЕАЭО отырысы: экономикалық ынтымақтастық, трансшекаралық логиcтиканы дамыту және азық-түлік қауіпсіздігі -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Қазақстан мен Ресейдің XVII өңіраралық ынтымақтастық форумында қандай мәселелер көтерілді -
Үйде арнаулы әлеуметтік қызмет ала алатын қазақстандықтардың тізбесі кеңейтілді -
Тоқаев: Қазақстан медиа және креативті индустрия саласында бірлескен жобаларды іске асыруға дайын -
Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының 20 жылдағы жетістігі -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,7 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Жолдау-2021: Ғылым саласындағы негізгі өзгерістер -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,5 трлн теңгеден астам сомаға зейнетақы төленді -
Үкіметаралық келісім шеңберінде қазақстандықтар қай елдерде тегін оқи алады -
ҚМ: Әскери ынтымақтастық, жауынгерлік дайындық және әскери білім беру мәселесі