- Басты
- Жаңалықтар
- Қытайлық кәсіпкерлер ОҚО-да екі зауыттың құрылысын бастайды
Қытайлық кәсіпкерлер ОҚО-да екі зауыттың құрылысын бастайды
Көршіелдің инвесторлары биоэтанол өндірісіне Отырар ауданын, ал фосфор қалдықтарын өңдеуде Созақ өңірін қолайлы көріп отыр. Бүгін бұл туралы Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі мен Қытай фторселикондық өндірісі ассоциациясының директоры Сианжун Цао мырза бастаған делегацияның кездесуінде мәлім болды.
Өңір басшысы шетелдік инвесторларға облысымыздың инвестициялық тартымдылығы мен индустриалдыинновациялық жобаларды іске асыратын аймақтардың әлеуетін баяндады.Облыс экономикасын өрге сүйреп келе жатқан салаларға тоқталған әкім инвестиция тарту бойынша жергілікті билік тарапынан көрсетілетін жеңілдіктер мен мүмкіндіктерге кеңінен тоқталды.
«Елге инвестиция тарту – экономиканың ең негізгі тетігі. Осыны ескере отырып біз кәсіпкерлерге барынша қолдау білдіріп отырмыз. Өңірімізде 11 индустриалдық 1 арнайы экономикалық аймағымыз жұмыс істейді. Шетелдік инвесторлар кедендік, мүліктік салықтардан босатылады. Сондай-ақ жер телімі, инфрақұрылымдық қажеттіліктердің бәрімен толық қамтамасыз ететін боламыз», - деді Жансейіт Қансейітұлы.
Кездесу барысында қытайлық делегацияны бастап келген Сианжун Цао мырза негізгі екі бағытта зауыт құрылысын бастауға мүдделі екендіктерін жеткізді. Осы ретте шетелдік инвесторларды оңтүстік өңіріне арнайы шақыртқан елімізге белгілі кәсіпкер Серікжан Сейтжановтың да еңбегін атап өткен жөн.
«Біз Оңтүстік Қазақстан облысында негізгі екі бағытты дамытуды жоспарлап отырмыз. Оның бірі – биоэтанол өндіру ісі, ал екіншісі фосфор қалдықтарын қайта өңдеуден өткізу. Егер екіжақты келісімдер орындалып жатса, екі зауыттың құрылысын тезарада бастауды жөн көріп отырмыз», - деді Сианжун Цао мырза.
Айта кетейік, бүгінгі таңда әлемде биоэтанол өндірісінің өрісі кеңіп, пайдаланушылар қатары артып келеді. Ғылым тілімен айтсақ, биоэтанол дегеніміз техникалық абсолюттендірілген спирт құрамы 99,9 градусты құрайды. Аталмыш жаңа отын түрі жанар-жағар майға қарағанда, ауаны ластамайды және парниктік газдарды да бөлмейді.
Шетелдік инвесторлардың екі жобасына да қолдау білдірген Жансейіт Қансейітұлы тиісті басқарма басшыларына нақты тапсырмалар жүктеді. Тиісті құжаттарды тездетіп әзірлеп, қажетті жер телімдерін бөлуді және де екі зауыттың да іргетасын биыл қалауды тапсырды.
-
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
ДСМ: Соңғы екі аптада елдегі сырқаттану деңгейі 11%-ға төмендеді -
III Нобель фестивалі: Екінші күнінің қорытындылары -
ДСМ: Соңғы екі аптада еліміздегі сырқаттану деңгейі 36%-ға төмендеді -
Екібастұз қаласының дамуы: инвестициялық жобалар, тұрғын үй, денсаулық сақтау және білім беру жүйелері -
Н.Әбілшайықов: Кәсіпкерлерлерге несие алу шараларын жеңілдету қажет -
ДСМ: Соңғы екі аптада сырқаттанушылық деңгейі 10% - ға төмендеді -
Ақтөбе облысының кешенді даму жоспары бекітілді -
COVID-19-ға қарсы екі екпені не үшін алу қажет -
Екінші дүниежүзілік соғыс: ақиқат пен ақтаңдақ -
Жамбылдағы кәсіпкерлер палатасының өңірлік кеңесіне дауыс беру басталды -
Жер реформасы бойынша комиссия құрамы бекітілді -
Сенат отырысы: қабылданған Заңдар, қос азаматтық мәселесі, Арал проблемасы, Таразда ескірген су құрылғылары -
Қазақстанның 2025 жылға дейінгі дамуының ұлттық жоспары бекітілді -
Мемлекеттік комиссия кәсіпкерлерді қолдау бойынша шұғыл шаралар топтамасын мақұлдады