- Басты
- Жаңалықтар
- Жұмыспен қамту мәселесі Үкіметтің тұрақты бақылауында
Жұмыспен қамту мәселесі Үкіметтің тұрақты бақылауында
Орталықты аралау барысында Бақытжан Сағынтаев операторлар жұмыс жасайтын операциялық залды қарап шықты. Өз кезегінде мекеме директоры Ерік Мұратбеков өңір тұрғындарына еңбекпен қамтуға көмек көрсетудің іске асырылып жатқан бағдарламалары туралы баяндама жасады.
2017 жылы орталықтың жәрдемдесуімен 706 адам еңбекпен қамтылды, 90-ға жуық адам кәсіптік оқытудан өтті, 193 адам қоғамдық жұмыстарға, 51 адам – уақытша әлеуметтік жұмыс орындарына және тағы 33 адам жастар іс-тәжірибесіне бағытталды.
Айтар болсақ, Үкімет жұмыспен қамту мәселесін тұрақты бақылауда ұстайды. Жұмыс сапарлары барысында Бақытжан Сағынтаев жергілікті атқарушы органдардың және бизнес өкілдерінің назарын жаңа жұмыс орындарын, әсіресе экономика секторларында құру қажеттілігіне аудартады, олар басқа салалардан әлеуетті жұмыстан босаған жұмысшылардың ағымын қабылдай алады.
Сондай-ақ, 2017 жылдың басынан бастап Қазақстанда Өнімді жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту жаңа бағдарламасы іске асырылуда, онда өз кәсібін ашқысы келетін, немесе жұмысқа тұрғысы келетін адамдарды қолдау бойынша бірқатар тетіктер бар.
Айта кетейік, 2017 жылдың І тоқсанында Ақмола облысында 7 420 адам, оның ішінде тұрақты жұмыс орындарымен – 4 055, уақытша және маусымдық жұмыс орындарымен – 3 162, қоғамдық жұмыспен төленетін жергілікті бюджет қаражаты есебінен – 2 066 адам жұмыспен қамтылды. Жұмыссыздық деңгейі 4,9% құрады.
Өнімді жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасын іске асыруға өңірде 2017 жылы 4,8 млрд теңге қарастырылған.
-
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
QAZFORUM: Интернет сайттардың міндеті, «Инфодемия» мәселесі және «Фактчекинг» талабы -
«Білімді ұлт»: Балаларды мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамту мәселелері -
ДСМ: Дәрігерлер жалақысы, дәрі-дәрмекпен қамту және елдімекендердегі медкөмек мәселесі -
Тұрғын үй нарығында тұрақтылық бар ма -
Пандемия басталғалы өзін-өзі нәтижесіз жұмыспен қамту 37% -ға төмендеді -
Азық-түлік бағасының тұрақтылығын сақтау және қаржы нарығын дамыту -
Жем-шөппен қамту және егін жинау науқанына дайындық мәселелері -
Тоқаев: Мақсатымыз - Орталық Азияны тұрақты, экономикалық жағынан дамыған өңірге айналдыру -
Алматы: Тауар айналымы, жөндеу жұмыстары және халықты жұмыспен қамту мәселелері -
ШЫҰ-ға 20 жыл: Тұрақтылық пен өркендеу жолындағы ынтамақтастық -
ҚМ: Әскери ынтымақтастық, жауынгерлік дайындық және әскери білім беру мәселесі