- Басты
- Жаңалықтар
- Иран екіжақты ынтымақтастықты кеңейтуге ниетті
Иран екіжақты ынтымақтастықты кеңейтуге ниетті
Оның айтуынша, заманауи әлемде ЭКСПО көрмелері елдер арасындағы экономикалық, қоғамдық және мәдени қарым-қатынастарды кеңейтуде маңызды рөл атқарады.
«ЭКСПО-2017 көрмесінің ең басты жетістігі сарапшылар мен мамандарды жаңа, жаңартылатын энергия түрлерін өндіру саласында қол жеткізілген орасан зор технологиялық ілгерілеумен таныстыру болып табылады. Біздің осы көрмеге қатысуымыз Қазақстан Республикасымен қарым-қатынасты кеңейту Иран үшін аса маңызды екенін білдіреді. ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысуымыз сауда, өнеркәсіп және баламалы энергия көздерін дамыту саласындағы ынтымақтастықтың одан әрі дамуына серпін береді. Осы іс-шара қойылған мақсаттарына қол жеткізіп, жаңа энергия түрлерін пайдалану саласында үлкен қадамдар жасалады деп үміттенемін », - деп қорытындылады өнеркәсіп, өндіріс және сауда министрінің орынбасары.
ҚР инвестициялар және даму вице-министрі Ерлан Хайыров дипломатиялық қарым-қатынастың 25 жылы ішінде Қазақстан Республикасы мен Иран Ислам Республикасы арасындағы екіжақты ынтымақтастықтың дамуы жоғары нәтиже көрсетіп отырғанын айтты. Қазақстан Иранды Оңтүстік-Батыс Азия аумағындағы негізгі әріптес деп санайды. Сондай-ақ, ол қазіргі уақытта Қазақстан мен Иран арасында индустриялық-инвестициялық және сауда-экономикалық ынтымақтастық бағдарламасы аясында геология және жер қойнауын пайдалану, ауыл шаруашылығы, энергетика, көлік және логистика саласындағы бірлескен жобалар іске асырылып жатқанын атап өтті.
«Мұнай дәуірінде "Болашақтың энергиясы" тақырыбы әрбір ел үшін ерекше өзекті. Сондықтан, бейбіт қоғамдастықтың негізгі міндеті жаңартылатын энергияның жаңа көздерін іздеу болып табылады. Иран соңғы 10 жыл ішінде энергетикалық секторды өзгертуде елеулі қадамдар жасады, оның нәтижелерін ЭКСПО-2017 алаңында көрсетуге болады. Жаңартылатын энергия көздерін пайдалануға көшу жасыл экономика қағидаттарын іске асыруға мүмкіндік беретініне сенімдімін», - деп қорытындылады вице-министр.
Павильонға келушілер энергетикалық ресурстарды оңтайлы пайдалану мен энергияны сақтаудың ирандық әдістерін зерттеп-біле алатын болады.
-
«Жасыл Қазақстан»: Ауа сапасын жақсарту, биоалуантүрлілікті сақтау және экомәдениетті қалыптастыру -
Ирандағы Абай орталығында Наурыз мерекесі атап өтілді -
М.Жанғазивеа: Қазақстан мен Түркия арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға үлес қосқым келеді -
SAILAU TALKS 2021: «Жаңа партиялардың пайда болуы - саяси мәдениетті жетілдіруге мүмкіндік береді»
-
Қазақстан және ЕАЭО: ынтымақтастықтың Қазақстан үшін тиімді жақтары қандай -
Экологиялық мәдениетті қалыптастыру мектептен басталады -
Коронавирус: 22 шілдедегі жағдай -
Испекторлар Ираннан келген 425 тоннаға жуық жеміске шектеу қойды -
Қазақстан мен Эстония екіжақты қарым-қатынастың жаңа белесін бағындырмақ -
Қазақстан мен Хорватия ынтымақтастықты дамытуда -
Экологиялық мәдениетті арттыру бойынша эко-сабақ өтті -
АШМ отандық нарыққа қазақстандық алманы қайтаруға ниетті -
Салық конвенциялары екіжақты сауда-экономикалық ынтымақтастықты күшейтуге ықпалдасады– Ә.Смайылов -
Қазақстан мен Германия ынтымақтастықтың негізгі бағыттарын анықтады -
Н.Әбдіров: ҚР мен Иран Ислам Республикасы арасындағы құқықтық көмек туралы заң жобасы жұмысқа алынды