- Басты
- Жаңалықтар
- Астанада ЭКСПО-2017 көрмесі аясында Қостанай облысының күндері өтуде
Астанада ЭКСПО-2017 көрмесі аясында Қостанай облысының күндері өтуде
Қостанай облысының үздік суретші, мүсінші, қолөнерші, әртістері өз шығармашылығы мен өнерін көрсетеді.
5 тамызда сағат 21.30-да ЭКСПО амфитеатрында белгілі қазақстандық әртістер мен музыканттар – Қостанай облысының тумалары Сүндет Байғожин, Анар Мұздаханова, Роза Нұркей, Шахаризат Сейдахмет, Нұрболат Арзамасұлының, сондай-ақ өңірдің үздік шығармашылық ұжымдарының қатысуымен гала-концерт өтеді.
Сонымен қатар, Қостанай облысының мәдениет күндері шеңберінде көрермендердің назарына келесі іс-шаралар ұсынылады: «Шырқар әнім туған өлкем – Қостанай!» концерті, «Дала шамшырағы» және «Ақ-Келін» спектакльдері, «Би әлемі» хореографиялық шолуы, «Тұған жер құшағында» қолөнер экспозициясы.
Қостанай облысының құрама командасы Тоғызқұмалақ, Асық ату, Қыз куу, Аударыспақ, Жамбы ату ойындарынан өз шеберліктерін көрсетеді. Қазақ күресіне Қазақстанның әр түкпірінен күрескерлер қатысатын болады.
Сондай-ақ 6 тамызда «Қазанат» ипподромында топ бәйге және Аламан бәйге жарыстары өтеді.
Қостанай облысының ұйымдастырушылық комитеті арнайы сыйлық қорын бөлген, ал бәйгедегі басты сыйлықтар Қостанай қаласында шығарылған қазақстандық автомобильдер болмақ.
9 тамызда Қостанай облысы күндерінің жабылу рәсімі өтеді.
-
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
Елордада «Рухани жаңғыру» аясында қандай жобалар жүзеге асуда -
Ж.Жабаевтың 175 жылдығы аясында жарық көрген 10 томдық жинақтың тұсауы кесілді -
Маңғыстау облысының дамуы: Өңірді сумен жабдықтау, газ, мұнай өндіру және экология мәселелері -
Маңғыстауға Қостанай облысынан 32 миллион теңгеге тегін мал азығы әкелінеді -
Елордада Жеңіс Нұрлыбаевтың «Пандемия. Шектеу. Самғау...» атты жеке көрмесі ашылды -
Жол картасы аясында 5,5 мыңға жуық жұмыс орны ашылды -
Ақтөбе облысының кешенді даму жоспары бекітілді -
Қостанай облысы: Сыбайлас жемқорлық қылмыстары, бизнесті қорғау және АШ-ты субсидиялау -
30 жыл: «Қайырымды істер марафоны» аясында қандай іс-шаралар атқарылып жатыр -
30 жыл: «Қайырымды істер марафоны» жобасы аясында қандай іс шаралар өтеді -
Президент тапсырмасы: «Жас ғалым» жобасы аясында 1000 грант бөлінді -
Ақтөбе облысының дамуы: Өңірдегі эпиджағдай, инвестиция және ШОБ-ты қолдау шаралары -
Ақмола облысының дамуы: Азық-түлік бағасын тұрақтандыру, инвестиция және түрғын үй мәселері