• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қылмыстық құқық бұзушылық картасы қоғамдық жердегі қылмыстарды азайтты (ВИДЕО)

Қылмыстық құқық бұзушылық картасы қоғамдық жердегі қылмыстарды азайтты (ВИДЕО)

4 Тамыз, 2017 17:33
Қылмыстық құқық бұзушылық картасы қоғамдық жердегі қылмыстарды азайтты. Бұл туралы ҚР Бас прокуратурасы құқықтық статистика және арнайы есеп комитеті төрағасының орынбасары Бағлан Бекбауов «100 нақты қадам - Ұлт жоспарының» жүзеге асырылу барысы туралы баспасөз конференциясында хабарлады.

«Көптеген елдерде қылмыстық істер картада көрініс табады. Дәл осындай үлгіде ақпаратты қабылдау жеңіл, оның үстіне аймақтардағы қылмыстық ахуалды  бір-бірімен салыстыруға да болады. 2016 жылдың желтоқсан айында  ҚР Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есеп комитеті аталмыш картаны жасақтап шықты. Бұл картаның ерекшелігі қылмыстық іс полицияда тіркелгеннен кейін бірден картадан көрініс табады. Себебі ол сотқа дейінгі бірыңғай  тергеу реестрінің базасымен интеграцияланған. Қылмыстың  болған жері, уақыты және түрі көрсетіледі», - деді Б. Бекбауов.

Ол толықтырып кеткендей, картада аймақтағы қылмыс белсенділігі де көрсетіледі. Адамдар ауданның қаншалықты қауіпті екенін, көшелерді, үйлерді бір-бірімен салыстыра алады.

«Яғни, тұрғылықты мекен-жайы бойынша қылмыстық ахуалды білетін тұрғындар учаскелік полициядан тәртіпті қамтамасыз етуді және ПИК-тен бейнебақылау камераларын орнатуды, көшелерді жарықтандыруды талап етеді», - деп толықтырды Б. Бекбауов.

Төрағаның орынбасары хабарлағандай, полиция қызметінің тиімділігін арттыру мақсатында жергілікті полиция қызметі партулдік бағытты жасақтауда немесе түзетуде Картаны пайдаланады. Күні бүгінге дейін 3 мыңға жуық осындай түзетулер енгізілді.

«Бұл механизм өзге шаралармен бірлесіп қоғамдық жерлердегі қылмысты азайтты. Қылмыстық істер картасы бизнеске де тиімді. Осы Картада полицияға немеге өзгеде органдарға арыз, шағым түсіруге  болады», - деп түйді спикер.

Қайрат Жандыбаев

Видео Арман Мұхатов

Барлық жаңалықтар