- Басты
- Жаңалықтар
- Е. Қошанов Шахтинск мектептерінің жаңа оқу жылына дайындығын тексерді
Е. Қошанов Шахтинск мектептерінің жаңа оқу жылына дайындығын тексерді
Аймақ әкімдігінен хабарлағандай, облыс әкімі Ерлан Қошанов бірінші кезекте автоматты жылу бөлімі орналасқан ғимаратқа барды.
Айта кетейік, облыс бойынша Шахтинск - барлық мектептері, балабақшалары мен басқа да білім мекемелері осындай бөілмдер арқылы жылытылатын жалғыз қала. Оның жағымды жақтары көп: жылу аз жұмсалады, алайда ғимараттағы температура төмендемейді.
«Барлық автоматтандырылған бөлімдерге біз 35 миллионға жуық теңге жұмсадық. Бүгінгі таңда, төрт жылда біз бқл жүйені толығымен ақтап алдық. Келесі жылы таза пайда көлемінде 10 миллион теңгеге қол жеткіземіз. Бұл қаражат білім жүйесінде қалады»,-деп баяндады Шахтинск қаласының білім бөлімінің жетекшісі Николай Онсович.
Аймақ басшысы өз қызметкерлеріне осындай жылу бөлімдерін орнату тәжірибесін облыс бойынша енгізуді тапсырды.
Биылғы жылы Шахтинск қаласындағы №6 мектепке жаңа парталар сатып алынған, олардың биіктігін реттеуге болады, және де робототехникамен айланысу үшін толық кешендер алынған.
«Енді ОӨК аясында 10-11 сынып оқушылары үшін робототехника міндетті болады. Сонымен қатар, бізге екі миллион теңге бөлінді, оған біз сынақ ретінде «Салтанат» балабақшасына робототехникаға қажетті кешендерді сатып алдық»,-деп үсіндірді Николай Онсович.
Сондай-ақ облыс әкіміне инклюзивті білімді дамыту жөнінде де баяндалды. Биылдан бастап Шахтинсктің барлық мектептерінде дефектолог мамандар жұмыс жасайтын болады. Жаңа оқу жылынан бастап арнайы мамандандырылған мекемелерден 72 бала қарапайым мектептерге ауысады. Шахтинскте сондай-ақ оқу сыныптар оңтайландырылған, сол арқылы бюджет қаржысы үнемделді. Бұрын сыныптарда 16 баладан болатын. Енді бір сыныпта 24 балалан оқиды. Сыныптардың жалпы саны 54-ке төмендеді.
«Орта есеппен бір сыныпты қалпында ұстап тұру үшін үш миллион теңге жұмсалады. Олардың санын азайту арқылы біз 150 миллионды үнемдедік. Біз өз әкімімізбен бұл қаражаттың білім саласына жұмсалуы туралы келістік»,-дейді Николай Онсович.
Ерлан Қошанов Шахтинск қаласы білім басқармасының сәтті жұмыс атқарғанын ескеріп, өз қызметкерлеріне аталмыш қаланың жағымды тәжірибелерін облысымыздың басқа да аудандарында енгізуді тапсырды.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
COVID-19: Оңтүстік Кореяда коронавирус күшейді, Францияда балалар арасында вирус жұқтырғандар саны артуда