- Басты
- Жаңалықтар
- Жаңа ереже бойынша судья лауазымына 191 үміткер іріктелді (ВИДЕО)
Жаңа ереже бойынша судья лауазымына 191 үміткер іріктелді (ВИДЕО)
«Ұлт жоспары бойынша 10 қадам Жоғарғы сотқа бекітілді. Олардың барлығы 2015-2016 жылдар аралығында жүзеге асырылды. Бес деңгейлі жүйеден үш деңгейліге көшу әр инстанцияның рөлін күшейтіп, сот шешімінің жедел орындалуын қамтамсыз етті», - деді Н. Шәріпов.
Ол хабарлағандай, азаматтық істердің сотта жүру жалпы мерзімі екі есе, прокурордың сотқа қатысуы да айтарлықтай азайды.
«Темір торға тоғытылғандардың саны айтарлықтай кеміді. Соттық бақылауды кеңейту шаралары да оң нәтиже беруде. Қаралып отырған барлық істердің санаты бойынша әділеттілік баяғыша жоғары деңгейде қалуда», - деді Н. Шәріпов.
Департамент басшысы Ұлт жоспарының 20-шы қадамының жүзеге асырылу барысын тілге тиек етіп, барлық сот залдары дыбыстық және бейнетіркеуіштермен қамтамасыз етілгенін атап өтті.
«Сот жүйесі үшін бірніші кезекте басты мәселе жоғары білікті судялар корпусын жасақтау болып қала береді. Біліктілік талаптары мен судяларды іріктеу мехенизмі айтарлықтай қатаңдатылды. Судялар үшін жас шектелімі 25 жастан 30 жасқа дейін ұлғайтылды. Ағымдағы жылы жаңа ереже бойынша 191 үміткер іріктелініп алынды. Енді судялар өз біліктіліктерін тағайындалған алғашқы бірінші жылда, содан кейін әр бес жыл сайын дәлелдеп отырады. Ағымдағы жылы 140 судяның қызметі сарапталды. 2016 жылы 1220 судяның қызметі бағаланды», - деп түсіндірді Н. Шәріпов.
Н. Шәріпов атап өткендей, Жоғарғы сот Астана халықаралық қаржы орталығының жанынан қаржы және арбитражды сотты жасақтау бойынша жұмыстарда сарапшылық және өзгеде қолдау жұмыстарын атқаруда.
«Жалпы, жұмысымызды қорытындылайтын болсақ, Ұлт жоспары аясында жүргізілген роформалар барысында соттың әділеттік орнату бойынша жұмысының тиімділігі артқанын атап өтуге болады», - деп түйді спикер.
Қайрат Жандыбаев
Видео Арман Мұхатов
-
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Ғылымдағы жаңашылжықтар: Не өзгерді -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
АХҚО қызметі: жаңа бағыттар мен келісімдер -
Орта Азия елдеріндегі көміртегі бейтараптығына қол жеткізу бойынша бірлескен іс-шаралар -
COVID-19: Бразилияда тәулігіне 10 мың-ға жуық адам вирус жұқтырған, Украина жаңа карантин ережелерін енгізді -
Роза Мұқанова: Президент әр жолдауында саяси жүйенің жаңа формуласын ұсынып жүр -
Президент Жолдауы – жаңа міндеттер -
Жаңа жолдау: Мемлекет басшысы қандай жаңа бастамаларды атады -
І жартыжылдықта әлеуметтік төлемдер бойынша 390 мыңға жуық қызмет көрсетілді -
Алматыда мектептер мен балабақшалардың жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары -
Жаңа қаулы: «Ashyq» жобасын енгізу және іске асыру -
Сенсорлық интеграция бойынша жаттықтырушыларды оқыту басталды