Цифрлық жобаларды іске асыру ЕАЭО елдерінде ЖІӨ өсуін қамтамасыз етеді

4 Тамыз, 2017 17:56
ЕАЭО елдерінің ЖІӨ өсімінің кемінде 11%-ы жалпы цифрлық тәртібін іске асыру есебінен қамтамасыз етіледі, бұл туралы Еуразиялық экономикалық комиссияда хабарланды.

2025 жылға дейін Еуразиялық экономикалық одақтың (ЕАЭО) жалпы ішкі өнімінің күтілетін жиынтық өсімінің кемінде 11%-ы цифрлық жобалар мен бастамалардың іске асырылуы қамтамасыз етеді. Егер Одақ елдері цифрлық күн тәртібін іске асыру бойынша өз күшін үйлестіруді қамтамасыз етпесе, оның ЖІӨ өсіміне қосатын үлесі екі есе төмен болады. Бұл туралы еуразиялық экономикалық комиссияның (ЕЭК) құқықтық порталында қоғамдық талқылау үшін орналастырылған «2025 жылға дейін Еуразиялық экономикалық одақтың цифрлық тәртібін іске асырудың негізгі бағыттары» жобасында айтылған.

«Жалпы цифрлық тәртіпті іске асыру нәтижесінде ЖІӨ өсімінің анағұрлым маңызды көздері нормативтік-құқықтық кедергілерді жою және деректер экономикасын дамыту сияқты факторлар болуы мүмкін. Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар (АКТ) саласындағы жұмыспен қамтудың өсуі Одақ елдерінде жалпы жұмыспен қамтылудың 2025 жылға дейін 2,46%-ға қосымша өсуін қамтамасыз етеді. Осы жылы АКТ қызметтерінің экспорт көлемінің қосымша өсімі 74%-ды құрауы мүмкін», - деп түсіндірді ЕЭК-те.

Цифрлық тәртіпті іске асырудың негізгі бағыттарының жобасын мүше мемлекеттердің үкіметтері ЕАЭО елдері басшыларының тапсырмаларын орындау үшін дайындаған. Онда Одақ елдерінің цифрлық саладағы мақсаттары, қағидаттары, міндеттері, ынтымақтастық жасау бағыттары мен механизмдері айқындалған. 

Барлық жаңалықтар