- Басты
- Жаңалықтар
- Қарағанды облысында жас ауыл кәсіпкерлеріне гранттар табысталды
Қарағанды облысында жас ауыл кәсіпкерлеріне гранттар табысталды
Өңір әкімдігінде хабарлағандай, жастар үшін оқыту семинарлары ұйымдастырылған, онда жастарды жұмыспен қамтуға және кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған мемлекеттік жастар жобалары мен бағдарламалары туралы айтылды.
Форум барысында ауылдағы кәсіпкерлікті дамыту және қолдауға облыс әкімінің грантын табыстау рәсімі өтті.
"Бүгін біз форум аясында жақсы әңгіме құрдық, қызықты сұрақтарды талқыладық. Болашақта тағы жиналамыз деген үміттемін. Жастар – ел болашағы. Сол себепті келесі жылдан бастап біз грант көлемін екі есеге, миллион теңгеге дейін көтеруді шештік", - деді облыс әкімі Ерлан Қошанов.
Грант көлемі 200 000 мен 500 000 теңге аралығында болды. Бұл қаржыға жастар өз істерін дамытпақ.
Айта кетейік, ауыл жастарының форумын өткізу Қарағанды облысында дәстүрге айналған. Шараның басты мақсаты – ауыл жастарының өзекті мәселелері мен сұрақтарын ортаға салып, шешу жолдарын қарастыру, аталған бағыттағы атқарушы органдар мен үкіметтік емес ұйымдардың бірлескен іс-әрекетін үйлестіру, жастарды әлеуметтік қолдау. Сонымен қатар, форум – ауыл жастарына мемлекеттік бағдарламалар мен жобаларды түсіндіру.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
Жастар арасындағы суицид: Алдын алу шаралары -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
Биыл қанша ауыл ауыз суға қол жеткізеді -
Италияда пандемияның төртінші толқыны басталды, ЕО Украинаны «жасыл тізімнен» шығарды -
Отандық ғалымдар онкологиялық ауруларды диагностикалауға арналған ерітінді жасап шығарды -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
МӘМС үшін төлемді қалай, қайдан жасауға болады -
«Жасыл Қазақстан»: Ауа сапасын жақсарту, биоалуантүрлілікті сақтау және экомәдениетті қалыптастыру -
30 қазақстандық компания «Жасыл кеңсе» конкурсының жеңімпазы атанды -
«Ауыл - Ел бесігі» жобасы:Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту қалай жүзеге асырылады -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Машина жасау: Өндіріс көлемі, экспорт және саланың өзекті мәселелері -
Б.Байжұманов: Алматы облысында коронавирус жұқтырғандар саны азайды