• Басты
  • Жаңалықтар
  • Челябинскіде Қазақстан мен Ресейдің шекара маңы өзара іс-қимылы талқыланды

Челябинскіде Қазақстан мен Ресейдің шекара маңы өзара іс-қимылы талқыланды

4 Тамыз, 2017 14:57
Челябинскіде «Еуразиялық достастық» әлеуметтік-экономикалық даму қорының бастамасы бойынша құрылған Қазақстан мен Ресейдің шекара маңы өзара іс-қимылы жөніндегі жұмыс тобының бірінші отырысы өтті, деп хабарлады Қазақстанның Ресейдегі Елшілігінде.

Қарағанды облысы кәсіпкерлер палатасының адами капиталды дамыту жөніндегі комитетінің төрайымы Елена Петренконың айтуынша, биыл Челябинскіде өтуі тиіс Қазақстан мен Ресейдің өңіраралық ынтымақтастығының XIV форумына ұсыныстар дайындау жұмыс тобының жақын арада орындалатын міндеттерінің бірі болуы тиіс.

«Жұмыс тобын құру идеясы жаһандану аясында еуразиялық кеңістік проблемаларына – тұрақты экономикалық өсуге, әлеуметтік-мәдени кеңістікті үйлестіруге және қауіпсіздік мәселелеріне баса назар аудару болып табылады», - «Еуразиялық достастық» қорының президенті Виктор Каточков.

Оңтүстік-Орал сауда-өнеркәсіптік палатасының сыртқы экономикалық қызмет орталығының директоры Наталья Осипова екі елдің экономикасы бір-бірімен тығыз байланысты екенін атап өтті.

«Біз өнеркәсіп, энергетика, ауыл шаруашылығы салаларындағы ауқымды жобаларды бірлесіп іске асырамыз, технологиялық кооперацияны тереңдетеміз, ортақ көлік инфрақұрылымын құрып, оны нығайтамыз. Күн тәртібінде еуразиялық кеңістіктің көлік-логистикалық әлеуетін дамыту, екі ел арасындағы сауда кедергілерін қысқарту, туризм саласында ынтымақтастық жасау», – деп хабарлады ол.

Қазақстандық әріптестермен көптеген екіжақты келісімдер мен келісімшарттарға қол қойылды. Олардың іске асырылуы өңірлік өзара іс-қимыл жасауға практикалық бағыт береді. Екіжақты ынтымақтастықты кеңейтуде өңірлер ең белсенді рөл атқарады.

Бұдан бөлек, Ресей мен Қазақстан халықтарының мәдени өзара іс-қимылының маңыздылығы атап өтілді. 

Барлық жаңалықтар