- Басты
- Жаңалықтар
- Б.Сағынтаев Ақмола облысына жұмыс сапарымен келді
Б.Сағынтаев Ақмола облысына жұмыс сапарымен келді
Ақмола облысына Мемлекет басшысының тапсырмасымен барған ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев онда «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауы мен Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласындағы міндеттерді іске асыру барысымен танысады.
Өңірге барған Бақытжан Сағынтаев бірінші кезекте «Есіл Агро» ЖШС сүт-тауар фермасы мен егіс алқаптарына аралады, онда ауыл шаруашылығы өндірісінің технологиялық ерекшеліктерімен және кәсіпорынды одан әрі дамыту келешегімен танысты.
Бақытжан Сағынтаев сүт фермасын аралау кезінде кәсіпорынның өндірістік үдерістерімен және дайын өнімдер көрмесімен танысты. ҚР Премьер-Министріне мұнда өндірістік қуаттылықты 2 есеге дейін ұлғайту және сауын табынын 2 400 басқа дейін жеткізу көзделіп отырғаны туралы ақпарат берілді.
Бұдан кейін Бақытжан Сағынтаев «Есіл Агро» ЖШС егістігінде болды, онда Ақмола облысының ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Мұрат Балпанның егін жағдайы туралы баяндамасын тыңдады.
Айта кету керек, ҚР Президенті Н. Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауына сәйкес осындай кәсіпорындарды ашу елімізде экономикалық өсімнің жаңа моделін қалыптасыру кезінде маңызды бағыттардың біріне айналуы тиіс. Осыған орай, бүгінгі күні АӨК дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында отандық ауыл шаруашылығы өндірушілеріне кешендік қолдау көрсетіліп жатыр. Онда жеңілдікпен несиелендіру мен қолдау көрсетудің өзге де тетіктері қарастырылған.
Сонымен қатар, Бақытжан Сағынтаев өндірістік және ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының, спорт және туристік инфрақұрылым нысандарының жұмысымен танысады, олардың ішінде «Есіл-Агро» ЖШС, «Тыныс» АҚ, Щучинск қаласының шаңғы спортының республикалық базасы, сондай-ақ Бурабай ауылының туристік нысандары бар.
ҚР Премьер-Министрі Щучинск-Бурабай курорттық аймағын дамыту мәселелері жөнінде кеңес, «Атамекен» Кәсіпкерлер палатасының өңірлік кеңесінің мүшелерімен кездесу, сондай-ақ Өнімді жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлік бағдарламасы мен «Cерпін» әлеуметтік жобасын іске асыру туралы кеңес өткізеді деп күтілуде.
Бұдан өзге, Бақытжан Сағынтаев Көкшетау қаласының Жұмыспен қамту орталығының жұмысымен және «Щучинск – Бурабай» автожолын жөндеу сапасымен танысады.
-
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
Тоқаев: Өңірлердегі ішкі саясат басқармасының жұмысын жандандыру қажет -
ІІМ: Жол қауіпсіздігі мәселелері және жедел-қызметтік жұмыс қорытындылары -
А.Цой: 17 қазаннан бастап вакцина алмағандар жұмысқа жіберілмейді -
Пациентті қолдау қызметі қалай жұмыс істейді -
Қоғамдық кеңестердің қызметі, заңға енгізілген өзгерістер мен Kazkenes.kz порталының жұмысы -
82 мыңнан астам адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Шетелдердегі қазақтармен жұмыстың өзектілігі -
Маңғыстауға Қостанай облысынан 32 миллион теңгеге тегін мал азығы әкелінеді -
АШМ: Астық өндіруші елдер, дәнді-дақылдар қоры және егін жинау жұмыстары -
Есірткі қылмысы мен нашақорлыққа қарсы күрес жұмыстары қалай жүргізілуде -
Пандемия басталғалы өзін-өзі нәтижесіз жұмыспен қамту 37% -ға төмендеді -
Алматыда мектептер мен балабақшалардың жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары