- Басты
- Жаңалықтар
- Миланның вице-мэрі Астанаға ЭКСПО көрмесіне келді
Миланның вице-мэрі Астанаға ЭКСПО көрмесіне келді
Астана қаласында өтіп жатқан ЭКСПО көрмесінің даярлығы кезінде итальяндық елшілік қазақстандықтармен тығыз қарым-қатынас орнатып, әріптестік орнатты.
"Астана Миланда өткен «ЭКСПО-2015» әлемдік әмбебап көрмесіне дайындық барысын мен аталмыш шараны өткізудің тәжірибесін қабылдады. Бұл тұрғыда мен елшінің белсенді жұмысын және екі қала арасында байланысты кеңейту бойынша, әсіресе ЭКСПО-2017 көрмесін өткізу кезінде Италия елшілігі қызметкерлерінің жұмысын атап өткім келеді. Алдағы уақытта бұл байланыс тек арта түседі деген сенімдемін", - деді Ермек Аманшаев.
Италияда «EXPO MILANO-2015» көрмесінің жабылу салтанатында ЭКСПО жалауын Қазақстанға тапсыру рәсімі өткен болатын. ҚР Ұлттық павильоны «Тақырып пен контентті аша білу» аталымы бойынша ең үздік павильондардың үштігіне кірді. Сол кезде Италия Республикасының президенті Серджио Матарелла «Астана ЭКСПО-2017» көрмесін өткізуде еліміздің алдыңғы қатарға шығатынына сенім білдірген еді.
Қала әкімі орынбасарының сөзіне қарағанда, 2015 жылы Астана күні мерекесіне елордаға сапарлап келген Миланның мэріДжулиано Пизапианың қадамы Астана мен Италия арасында орын алған маңызды оқиғалардың бірі.
Естеріңізге сала кетейік, 2015 жылы Астана мен Милан арасында өзара түсіністік жөнінде және қалалық азық-түлік саясатының Милан Конвенциясы меморандумына қол қойылған болатын.
Өңіраралық әріптестіктің дамуына Астана мен Италияның қалалары және өзге де өңірлерімен ынтымақтастық жөнінде келісімге қол қоюы септігін тигізуде.
Италия еліміздің экономикасына пайдасын тигізіп отырған ірі инвесторлардың бірі. Мемлекеттер арасында - ҚР сауда әріптестері арасында үшінші орынды, еуропалық елдер арасында бірінші орынды иеленеді.
-
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
Экспортты қолдау және электронды сауданы дамыту шаралары -
Машина жасау: Өндіріс көлемі, экспорт және саланың өзекті мәселелері -
Пандемия Қазақстан экспортына қалай әсер етті -
АШМ: Экспорт, АШ өнімдерінің көлемі және феpмеpлеpдi қолдау шаpалаpы -
ЕАЭО: Қазақстандық экспорт өсімі, бюджетке келген пайда және көлеңкелі экономика -
Түркістан облысының дамуы: Сауда айналымы, экспорт, импорт және инвестиция -
COVID-19 әлемде: Францияда коронавирустың жаңа штамы анықталды, АҚШ-та антиденелері бар сәби дүниеге келді -
COVID-19 пандемиясы Қазақстанның денсаулық сақтау саласына қандай өзгерістер алып келді -
Энергетика министрлігінің алқа жиыны: Мұнай саудасы, уран өндірісі, электр энергиясының өнімділігі -
АӨК-ні дамыту: Өңделген өнім экспортын арттыру, субсидия көлемін ұлғайту және қолдау шаралары
-
Қазақстандағы адам саудасы: үш жылда 1100 қылмыс тіркелді -
Ішкі сауда және экспорт: КТО желісін, Digital Export терезесін құpу, тұтынyшы құқығын қоpғаy мәселелері -
2020 жылы Қазақстанның Даму Банкі қаржыландырған кәсіпорындар 1 трлн теңгенің өнімін экспорттады -
МӘМС: Кімдер тіркелді, халыққа қандай көмек көрсетілді және қордың пандемия кезіндегі жұмысы