- Басты
- Жаңалықтар
- Ақтөбе облысында 2016 жылы 27 004 балаға көмек көрсетілді
Ақтөбе облысында 2016 жылы 27 004 балаға көмек көрсетілді
Акцияның басты мақсаты – жетім балаларға, ата-ана қамқорынсыз қалған балаларға, сонымен қатар, аз қамтылған және көп балалы отбасылардың балаларына жаңа оқу жылына дайындалу үшін көмек көрсету.
«Бұдан өзге, акция кезінде оқумен қамтылмаған балаларды анықтап, балалардың әлеуметтік себептерге байланысты мектепке бармай қалуын ескерту, сонымен қатар, аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан оқушыларға, жетім балаларға, ата-анасының қамқорынсыз қалған балаларға қолдау көрсетілуі ықтимал. Осыған байланысты шағын аудандарды тексеріп шығу бойынша рейд өтеді,-деп атап өтті обдлыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Руслан Бегімбетов.
Ұйымдастырушылар акция арқылы қоғам мен халық назарын мектеп жасындағы барлық балалардың біліммен қамтылу мәселесіне, аз қамтылған отбасылардан шыққан оқушыларға көмек берілуіне аударуға ниетті.
2016 жылы ұйымдастырушылар, кәсіпкерлер, акционерлік қоғамдар мен меценаттар 27 004 балаға материалдық көмек көрсетті. Жалпы алғанда, 2017 жылы 1 қыркүйекте 132 000 оқушы мектеп табалдырығын аттамақ, солардың ішінде 15 233-і – бірінші сынып оқушылары.
Естеріңізге сала кетейік, Мемлекет басшысының оқушылардың мектепке толық баруларын қамтамасыз ету туралы тапсырмасын орындауда ҚР білім және ғылым министрлігі «Мектепке жол» республикалық акциясын өткізуде. Акция 1 тамыздан 30 қыркүйекке дейін барлық өңірде өтеді.
-
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар қандай әлеуметтік көмек алады -
Сотталғандарға қандай медициналық көмек көрсетіледі -
ДСМ: Дәрігерлер жалақысы, дәрі-дәрмекпен қамту және елдімекендердегі медкөмек мәселесі -
Қиын жағдайға тап болған көп балалы отбасыларға көмек беру жолдары қандай -
Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарындағы коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Б.Байжұманов: Алматы облысында коронавирус жұқтырғандар саны азайды -
Жолдау 2021: Мемлекеттік қаржылыны тұрақтандыру және өңірлерді дамыту шаралары -
Алматыда мүмкіндігі шектеулі адамдарға қандай көмек көрсетіледі -
ІІМ: Жамбыл облысындағы жарылыс және балалардың жолдағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері -
І жартыжылдықта әлеуметтік төлемдер бойынша 390 мыңға жуық қызмет көрсетілді -
Алматыда мектептер мен балабақшалардың жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары -
Ақтөбе облысының кешенді даму жоспары бекітілді