• Басты
  • Жамбыл облысында оқулықпен қамту 100 пайызды құрады

Жамбыл облысында оқулықпен қамту 100 пайызды құрады

4 Тамыз, 2017 08:47
Жамбыл облысында оқулықпен қамту 100 пайызды құрады. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы басшысының орынбасары Жамила Елеуқызы баяндады.

Жамила Елеуқызының ақпаратынша, пешпен жылытылатын 83 мектептің 74-і секциялық радиаторлар арқылы жылытылса, 9 мектеп жай пеш арқылы жылытылады (3-4 бөлмені қабырға арқылы жылытатын пештер).

Шағын электр генераторларымен 292 мектеп жабдықталған (64,7%), 159 мектепті (35,3%) жабдықтау қажет (Байзақ–27, Жуалы–9, Қордай–4, Меркі–35, Мойынқұм–8, Т.Рысқұлов–31, Сарысу–1, Талас–6, Шу–32, Тараз - 6).

2017 жылы 58 мектепке электр генераторларын сатып алу үшін – 63,5 млн теңге бөлінді (Қордай – 24,1 млн теңге (14), Меркі – 3,2 млн теңге (7), Талас – 1,5 млн теңге (6), Шу – 34,7 млн. теңге (31)).

Жыл басында газ кіргізілген елді мекендегі 43 мектептің қазандықтарын газға ауыстыру қажет болса, бүгінгі күні 2 мектептің қазандығы газға ауыстырылды (Байзақ – 2). 2017 жылдың соңына дейін 2 мектептің қазандығы газға ауыстырылады деп жоспарлануда (Т.Рысқұлов – 2).

Оқушыларды оқулықпен қамтамасыз ету - басты міндеттердің бірі. 2017 жылы «Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына» сәйкес 2,5,7 сыныптарғадың жаңартылған білім беру мазмұнындағы оқулықтары мен оқу-әдістемелік кешендеріне  тапсырыс беріліп, осы мақсатқа 1 млрд. 864 млн. 332 мың теңге бөлініп отыр. Жаңа оқу жылында оқушылар 100% оқулықтармен қамтылады (2016 жылы – 100%).

Аудандық, Тараз қалалық білім бөлімдері 266 жас маманға (оның 199-ы қазақ сыныптарына, 67-і орыс сыныптарына) сұраныс берген.  

Математика (61), орыс тілі және әдебиеті (50), физика (27), шет тілі (23), бастауыш сынып (22) және басқа пәндер (83) мұғалімдері сұранысқа ие.

Мойынқұм (49), Қордай (35), Шу (34), Талас (25) аудандарында кадр жетіспеушілігі мәселесі ең көп орын алып отыр.

Жас мамандарды сұранысқа сәйкес жұмысқа орналастыру жұмыстары тамыз айынан басталады.

«Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша соңғы 3 жылда  жалпы облыс бойынша білім мекемелеріне 735 жас маман қабылданған. Олардың барлығы 1 реттік көтерме ақы алса, 254-і тұрғын үй алуға несие рәсімдеген, - деді басқарма орынбасары өз сөзінде.

Барлық жаңалықтар