- Басты
- Жаңалықтар
- Шымкенттегі көліктік-логистикалық орталық жылдың соңына дейін пайдалануға беріледі
Шымкенттегі көліктік-логистикалық орталық жылдың соңына дейін пайдалануға беріледі
«Қазақстан темір жолы» АҚ хабарлағандай, кеңес барысында өңірдегі транзиттік тасымалды дамыту үшін көліктік-логистикалық ахуалды жақсарту,тасымалдау қауіпсіздігі мен тиімділігін көтеру жайлары талқыланды.
«ҚТЖ –Жүк тасымалы» АҚ филиалы «Шымкент ЖТ бөлімшесінің» директоры Ермекбай Ерманов алғашқы жарты жылдықта негізгі пайдалану көрсеткіштерінің орындалғаны туралы баяндады. Жүк тиеу көлемі жоспардағыдан 3,2 пайызға артып, 4,3 миллион тоннаны құрады. Жүк айналымы 3829,9 млн. тонна-километр нетто құрап, өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 8,1 пайызға артты. Жылжымалы құрамның сапалық көрсеткіштері: учаскелік жылдамдығы, пойыздың орташа салмағы, локомотив өнімділігі өсті.
Алты айда Шымкент жол бөлімшесі арқылы 3,9 миллион тонна транзиттік жүк өткізіліп, өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 2 пайызға өсті. Контейнерлік тасымал көлемі 72 пайызға өсіп, 424 мың ЖФЭ құрады.
Бөлімшеде өндіріске заман талабына сай жаңа технологиялар енгізілуде. 24 станцияда АСУ «Шарттық және коммерциялық қызмет» электронды құжат айналымы қолданылады. Локомотив кешенінде АСУ «машинистің электронды бағдары», «Энергодиспетчерлік тартым» қолданылады.
Жүктерді баламалы негізде бағыттау шараларының нәтижесінде 65 клиент тартылды.
Жолды қалыпты ұстау мақсатында станцияларда орташа жөндеу түрлері атқарылды. Темір жолдағы қауіпсіздік шараларын тұрақты жүргізу нәтижесінде түрлі апаттық жағдайлардың алды алынды.
Кездесу барысында жолаушылар тасымалын ұйымдастыруға ерекше назар аударылды. Астанадағы ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі кезінде жолаушыларға жоғары сапалы қызмет көрсету кезек күттірмейді.
Сонымен қатар, теміржол кәсіпорындары басшыларының жылу беру маусымына әзірлігі де тыңдалды.
Кеңесті қорытындылай келіп, Компания басшысы берілген тапсырмаларды орындаумен қатар, сапалық көрсеткіштерді көтере түсуге тапсырма берді.
Жұмыс сапары барысында Қ. Алпысбаев жыл аяғына дейін пайдалануға берілуі жоспарланып отырған Шымкент қаласындағы көлік-логистикалық орталығының жұмысымен танысты. Қазіргі таңда нысанда құрғақ жүктерді сақтау қоймасын құрастыру, сыртқы коммуникация желісі тартылып, аумағын көкжелектендіру жұмыстары жүргізілуде. Жалпы аумағы 40 гектарлық көлік-логистикалық алаңында толық кешенді логистикалық қызмет көрсетіледі.
Компания басшысы маңызды нысанның құрылысын тезірек аяқтауды тапсырды.
Сондай-ақ, Қ. Алпысбаев Шымкент пен Түркістан теміржол вокзалында да болды. Бұл жерде теміржол вокзалдарының Тұжырымдамасына сәйкес еместігі байқалды. Дүңгіршектер санитарлық нормаға сай емес.Компания басшысы вокзал аумағын көкжелектендіру мен абаттандыру бойынша нақты тапсырмалар берді.
Қ. Алпысбаев Түркістан станциясындағы локомотив пайдалану депосында болып, ондағы технологиялық үдерістерді, техникалық оқытуды ұйымдастыру барысын, еңбеккерлердің кәсіби біліктілігін көтеру жайын көріп білді. Оның ішінде АСУ «Энергодиспетчерлік тартым», «Машинистің электрондық бағдарын» игеруі көрсетілді.
Электрондық машинист бағдары локомотив паркінің есебінің ашық жүргізілуін, басқару шешімінің оңтайлылығын, бағдардың жылдамдығы мен жүкті жеткізу жылдамдығын реттейді.
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ президенті Қ. Алпысбаев кәсіпорындар мен еңбек ұжымдарымен кездесулер барысында тасымалдау үдерісінің тиімділігін, көлік қызметі сапасын көтеру мақсатындағы Компания алдында тұрған мақсаттарды түсіндірді.
-
«Білімді ұлт»: Балаларды мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамту мәселелері -
2021 жылдың басынан бері 12,5 мың этникалық қазақ қандас мәртебесін алды -
Тоқаев: Мақсатымыз - Орталық Азияны тұрақты, экономикалық жағынан дамыған өңірге айналдыру -
Микроқаржы ұйымынан несие алу: Кімге беріледі және шарттары қандай -
Жаңа қаулы: Вакцинаны кімдер және қашанға дейін алу керек -
2022 жылдың мамырына дейін қызыл төлқұжатты ауыстыру науқаны жүреді -
Жаһандық рейтингтегі Қазақстанның аналитикалық орталықтары -
Қазақстандықтар жұмыспен қамту орталықтарының қызметтерін онлайн режимде ала алады -
2025 жылға дейін еңбек нарығына қосымша 1 млн-ға жуық жалдамалы жұмыскер қажет болмақ -
Елордада Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне 1 млн теңге көлемінде қаржылай көмек беріледі -
Ауылды дамыту: 2025 жылға дейін не өзгереді -
«Ashyq» мобильді қосымшасы: QR-код кімдерге беріледі, оны қайдан, қалай алуға болады -
2021 жылдың бірінші тоқсанында 683 мыңнан астам адам АӘК алды -
Нұр-Сұлтан қаласында күн сайын 00.00-ге дейін вакцинациялау жүріп жатыр -
Ықпалды күштер бәсекесі: қарулы қақтығыстан жұмсақ күшке дейін