• Басты
  • Жаңалықтар
  • ҚР Премьер-Министрі мен ИКАО Бас хатшысы әуежай инфрақұрылымын дамыту мәселелерін талқылады

ҚР Премьер-Министрі мен ИКАО Бас хатшысы әуежай инфрақұрылымын дамыту мәселелерін талқылады

3 Тамыз, 2017 16:14
Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) Бас хатшысы доктор Фан Люмен кездесу өткізді, деп хабарлады primeminister.kz.

Кездесу барысында әуежай инфрақұрылымын дамыту және ұшу қауіпсіздігімен қамтамасыз ету деңгейін арттыру мәселелері талқыланды. «100 нақты қадам» Ұлт жоспарында көрсетілген бастамаларды іске асыруға ерекше көңіл бөлінді.

ИКАО - басты мақсаты мемлекеттерге азаматтық авиация саласындағы ережелер, стандарттар, рәсімдердің біркелкілігіне қол жеткізу үшін көмек көрсету болып табылатын, БҰҰ мамандандырылған мекемесі.

 

Барлық жаңалықтар