- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстандағы әлеуметтік жобалар «Уақып» қоры арқылы қаржыландырылады
Қазақстандағы әлеуметтік жобалар «Уақып» қоры арқылы қаржыландырылады
Министрліктің мәліметінше, 2017 жылғы мамырда «Уақып» корпоративтік қайырымдылық қоры құрылды. «Уақып» қорының қызметі коммерциялық емес қайырымдылық ұйым ретінде әлеуметтік жобаларды қаржыландыруға, білім-ағартушылық шараларды жүргізуге, сонымен қатар, діни бірлестік қызметкерлерлері жұмысының тиімділігін көтеру және діни мекемелердің қызметін қолдауға бағытталады.
Қордың құрылтайшылары ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің Халықаралық діндер және мәдениеттер орталығы және Дін мәселелері жөнінде талдау және ғылыми-зерттеу орталығы болып табылады.
Қорды құру барысында бірқатар мұсылман елдерінің, сондай-ақ, Бельгия, Ресей сияқты елдердің тәжірибелері жан-жақты зерттелді.
« «Уақып» қорының өзгешелігі қайырымдылық қаражаттарын басқарумен қатар табыс табумен айналыса алады», - деді министр.
Сол себепті қаржы түріндегі активтерімен қатар, жылжитын және жылжымайтын мүліктерді басқаруға рұқсат бар. Аталған табыстардың салықтарын төлегеннен кейін ақшаны қайырымдылыққа жұмсауға болады. Ал нақты бір мақсатқа арналған капитал (эндаумент) қомақты болса, онда ол кәсіби басқарушы инвестициялық компания басқаруына беріледі.
«Уақып» қорының президенті Қайрат Айтбайдың айтуынша, Қор қайырымдылық, әлеуметтік, мәдени, ғылыми, білім және басқару мақсаттарына жетуге атсалысып, алыс елді мекендердегі білікті иамамдарды тартуға ықпал етеді.
«Уақып» қорының қызметі келесі міндеттерді шешуге бағытталған:
-елдегі бейбітшілік пен тұрақтылықты қамтамасыз етуге үлес қосу;
-тұрғындардың әлеуметтік аз қамтылған тобы мен мүмкіндігі шектеулі азаматтарға көмек көрсету;
-балалар мен жастардың физикалық және интеллектуалдық дамуын қолдау;
-діни радикализм мен экстремизмнің алдын-алу;
-мамандардың біліктілігін көтеру және шалғайда орналасқан діни бірлестіктердің әлеуметтік мәселелерін шешу.
Осы аталған міндеттерді шешуге сауапты іс жасауға ниет білдірген елдің барлық азаматтары, Қазақстанның коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдары, сондай-ақ, шетелдік және халықаралық ұйымдар шақырылады.
-
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
Елордада «Рухани жаңғыру» аясында қандай жобалар жүзеге асуда -
III Нобель фестивалі: Екінші күнінің қорытындылары -
«Startup Bolashaq» бизнес-жобалар байқауы: Жобаға қандай өзгерістер енгізілді -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
ІІМ: Жол қауіпсіздігі мәселелері және жедел-қызметтік жұмыс қорытындылары -
Халықты әлеуметтік қорғаудың қазақстандық моделі -
ҰЭМ: Ұлттық жобаларды жүзеге асыруға 15,9 трлн теңге көзделген -
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар қандай әлеуметтік көмек алады -
Мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 300 мыңнан астам қызмет алды -
Әлеуметтік жобаға өтінім қабылдау басталды: Мүмкіндіктері мен ерекшеліктері