- Басты
- Жаңалықтар
- «Мектепке жол» акциясы аясында республикада 2 млн балаға көмек көрсетілді
«Мектепке жол» акциясы аясында республикада 2 млн балаға көмек көрсетілді
Аталған шара биылғы оқу жылында «Менің таңдауым – балаларға көмек көрсету» ұранымен өтеді. Осы жылдың тамыз және қыркүйек айларында ұйымдастырылатын шараның мақсаты – аз қамтылған және көп балалы отбасылар, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар ішінен оқушыларға жаңа оқу жылына дайындық кезеңінде көмек көрсету және әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке бармауының алдын алу болып табылады.Республикалық «Мектепке жол» акциясына барлық деңгейдегі мекеме басшылары, аудан әкімдері, кәсіпкер азаматтар, мемлекеттік қызметкерлер, үкіметтік емес ұйымдар, аудандық, қалалық білім бөлімдері, сондай-ақ, мектеп басшылары атсалыса алады.
Еске сала кетсек, өткен 2016 жылы осы акцияны өткізу нәтижесінде 18510 балаға материалдық көмек берілген-ді. Оның ішінде, 10096 балаға бюджет қаражаты есебінен, қалған 8414 балаға бюджеттен тыс демеушілер қаражаты есебінен материалдық көмек көрсетілді. Облыс бойынша материалдық көмек алған балаларға жалпы 197 млн 414 мың теңге сома көлемінде қаржы жұмсалды. Оның 134 млн 687 мың теңгесі бюджет есебінен болса, 62 млн 727,9 мың теңге сомасы бюджеттен тыс демеушілер есебінен берілді.
Жалпы, «Мектепке жол» акциясы ұйымдастырылған 9 жыл ішінде республика бойынша 2 млн-нан астам балаға жалпы сомасы 15 млрд. теңгенің материалдық көмегі көрсетілді. Жыл сайынғы өткізіліп жатқан осынау шараға демеушілер мен меценаттар тарапынан көрсетілген көмектер мен қолдаулардың үлесі зор.
-
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
Елордада «Рухани жаңғыру» аясында қандай жобалар жүзеге асуда -
Коронавирусқа қарсы вакцина алғандар саны 8 млн-нан асты -
Ж.Жабаевтың 175 жылдығы аясында жарық көрген 10 томдық жинақтың тұсауы кесілді -
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар қандай әлеуметтік көмек алады -
Сотталғандарға қандай медициналық көмек көрсетіледі -
COVID-19: Қазақстанда 8 млн-ға жуық азамат вакцина салдырды -
ДСМ: Дәрігерлер жалақысы, дәрі-дәрмекпен қамту және елдімекендердегі медкөмек мәселесі -
Қиын жағдайға тап болған көп балалы отбасыларға көмек беру жолдары қандай -
«Нұрлы жол» бағдарламасының жүзеге асуы -
COVID-19: АҚШ-та бір аптада млн-нан астам адам коронавирус жұқтырды, Болгарияда шектеу шаралары енгізілді -
Алматыда мүмкіндігі шектеулі адамдарға қандай көмек көрсетіледі -
І жартыжылдықта әлеуметтік төлемдер бойынша 390 мыңға жуық қызмет көрсетілді -
Жол картасы аясында 5,5 мыңға жуық жұмыс орны ашылды -
ҚР-дағы жұмыс күшінің саны 2050 жылға қарай шамамен 11,4 млн адамды құрайды