- Басты
- Жаңалықтар
- Маңғыстау облысында су тұщыту зауыты салынады
Маңғыстау облысында су тұщыту зауыты салынады
Өңірге ресми сапармен «BeltWay Group Limited» компаниясының директоры Әли Мохамад пен «Астана Қызмет-КЗ» ЖШС директоры Болат Ыдырысбаев, «SafBon Water Service (Holding) Inc.» мекемесінің бас менеджері Ванг Ксиан келді.
Олар Маңғыстау облысында су сұщыту зауытын салуды көздейді. Сондықтан, арнайы жоба дайындап, облыс әкімі Ералы Тоғжановқа және жиынға қатысушыларға таныстырды.
Айта кетейік, «BeltWay Group Limited» компаниясы 1995 жылы Шанхайда құрылған. Бүгінде мекеме әлемдік деңгейде, түрлі сала бойынша қызмет көрсетіп келеді.
“«BeltWay Group Limited» компаниясының директоры Әли Мохамад жобаны іске асырып, ең озық технологияны пайдалануға дайын екенін жеткізді. Жоспар бойынша зауыт Құрық ауылынан 22 шақырым жерде орналасады”, - делінген хабарламада.
Қорек көзі ретінде газ-турбиналық электр станциясы пайдаланылады. Қуаттылығы күніне 80 мың куб метр және болашақта оның қуаттылығы арта түспек.
Тұщытылған сумен «ӨзенМұнайГаз» АҚ, Жетібай, Құрық ауылдары мен Ақтау, Жаңаөзен қалаларын қамтамасыз етілмек. Сонымен қатар, бұл жоба өңірде ауылшаруашылығы саласын дамытуға тың серпін бермек.
Жиын соңында облыстық әкімдік пен компания арасында ұзақ мерзімді және өзара тиімді ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Жастар арасындағы суицид: Алдын алу шаралары -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Биыл қанша ауыл ауыз суға қол жеткізеді -
Елордада «Рухани жаңғыру» аясында қандай жобалар жүзеге асуда -
Докторантураға түсу үшін қандай құжаттар қажет -
Биыл магистратураға түсу үшін құжаттарды қабылдау қашан басталады -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Еліміздің қай өңірлерінде сапалы ауыз суға қатысты проблема бар -
Маңғыстау облысының дамуы: Өңірді сумен жабдықтау, газ, мұнай өндіру және экология мәселелері -
Маңғыстауға Қостанай облысынан 32 миллион теңгеге тегін мал азығы әкелінеді -
Б.Байжұманов: Алматы облысында коронавирус жұқтырғандар саны азайды -
«Нұрлы жол» бағдарламасының жүзеге асуы -
Жолдау-2021: Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының жобасының бағыттары, жүзеге асуы -
ІІМ: Балаларға қарсы қылмыстардың жолын кесу және есірткінің таралуын болдырмау шаралары