- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстаннан келетін туристер қытайлықтарға ұнайды - гид (ВИДЕО)
Қазақстаннан келетін туристер қытайлықтарға ұнайды - гид (ВИДЕО)
«Туристік компаниядағы 14 жыл жұмысымда мен бірнеше рет Қазақстаннан келген туристерді қарсы алдым, олар өте мейірімді болып келеді. Қытай өте үлкен және мұнда ұлы ұлт өмір сүреді. Қазақстан мен Қытай арасында сауда саласында бизнес жобалар өте көп. Бейжіңде өте әдемі жерлер көп, мысалы Ұлы Қытай қорғаны, сонымен қатар үлкен сарай, ұлы Тяньаньмэнь алаңы, Жазғы император сарайы — Бейжің қаласының шетіндегі Цинск әулеті императорларының жазғы сарайын тамашалауға болады», - деп бөлісті Чэй Сяомэй.
Сонымен қатар, ол атап өткендей, Бейжіңде 27 млн жергілікті және 7-8 млн жергілікті емес халық өмір сүреді. Сонымен қатар, қалада 5 млн-ға жуық көлік бар.
«Бейжің өте тығыз орналасқан қала, туристер көптеп келеді. Қытайдың асханасыда түрлі дәмді тағамдарға өте бай, әрине қытай асханасы өте ашшы және көп адамға ұнай бермейді, алайда дәмін татып көруге кеңес беремін», - деді Чэй Сяомэй.
Бұдан басқа, сарапшы атап өткендей Қытайдағы халықтың өмірі жақсы, жалақысы жоғары және жұмыссыздық жоқ.
«Өткен уақытпен салыстырғанда қазір Қытайдағы өмір анағұрлым жақсарған. Ел экономикасы едәуір көтерілді. Бұрын телефондар болмаған, ал қазір барлығын смартфоннан, теледидардан, интернеттен білуге болады. Бұрын жалақы да айына 30 юань болған, ал қазір орташа айлық жалақы 9 мың юаньға дейін. Сондай-ақ, зейнетақы да, әсіресе әскери қызметшілердің зейнетақысы жақсы. Әрине, егер адам еңбектенсе, ол жақсы табыс тауып, отбасын асырай алады, сондықтан бізде жұмыссыздық жоқ», - деп атап өтті Чэй Сяомэй.
Сондай-ақ, ол мемлекет шаруаларға жақсы қолдау көрсететінін, ауылдарда ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру үшін жерлермен қамтамасыз ету жұмыстары жүргізіліп жатқанын атап өтті.
«Қарт адамдар үшін де мемлекет тарапынан жақсы жағдайлар жасалып жатыр. Олар үшін көлік тегін, жеңілдіктер көп және емдеу мен тұрғын үй тегін. Жастар жақсы табыс табады. Әр уақыттың өз артықшылықтары мен кемшіліктері бар, алайда, қазір тамақтану мен тұрғын үйге қатысты жақсы жағдайлар жасалған, бізде ішкі туризм өте жақсы дамыған», - деді Чэй Сяомэй.
Бұдан бөлек, ол Қытайдағы пәтерлердің құны және несиелер туралы айтып берді.
«Пәтердің қай жерде орналасқанына қарамастан, оның құны өмір сүру деңгейіне байланысты, шағын қалада 1 ш.м. 3 мың юань тұрса, үлкен қалаларда ең арзан дегені 20 мың, қымбаттары 5-6 есе қымбат. Несиелер жыл сайын 4-5 пайызбен беріледі. Адамдардың басым көпшілігі несие алады, алайда, өз ақшаларын банкте сақтайды. Жастар инвестициялармен айналысқанды қалайды, адамдар белсенді жұмыс істейді, біреулерінде инвестициялар, акцияларболса, енді біреулерінде екінші жұмыстары бар. Барлығын Қытайға біздің жерлерімізді көруге шақырамыз», - деп қорытындылады Чэй Сяомэй.
Қайрат Жандыбаев
Автордың видеосы
-
QazVaс: Формальдегид вакцинаның антигендігі мен иммуногенділігін төмендете ме -
Биыл Алматыға келетін туристердің саны азайды -
Қазақстанға келетін авиажолаушыларға қандай талаптар қойылады -
2020 жылы «Болашақ» стипендиаты атанғысы келетін үміткерлер нені білуі тиіс -
Карантин кезінде қазақстандық туристерге қойылатын талап күшейді ме -
Жапония Қазақстаннан жылқы етін сатып алады -
Алматы облысында соңғы 5 жылда туристер саны 2 млн асты -
Әл-Фараби ғаламдық деңгейдегі философ – Ж.Ибрагимов (ВИДЕО) -
Әлеуметтік бизнес қаржырлы еңбекті қажет етеді – М.Аматов (Видео) -
18 мамырда елордада қандай қызмет көрсету орындары ашылады (Видео) -
Теміржол вокзалдары қандай тәртіппен жұмыс істеп жатыр (Видео) -
Мамандандырылған ХҚО-лардың жұмысы қалай жүруде (ВИДЕО) -
Карантин: Елорда тұрғындарымен әдемі (Видео) -
Л.Демесінова: Қауіпсіздіктің барлық талаптарын сақтау – вирусты жеңу (ВИДЕО)
-
Блок бекеттердің жұмысы (ВИДЕО)