- Басты
- Жаңалықтар
- Электр энергетикасы жөніндегі заңнамаға өзгертулер қабылданды
Электр энергетикасы жөніндегі заңнамаға өзгертулер қабылданды
«Тариф құрылымын өзгерту. Тарифтерде 2 құрауыш ерекшеленеді: күрделі шығындарды қаржыландыру және электр энергиясы өндірісінің ауыспалы шығындарын жабу үшін пайдаланылатын электр энергиясы үшін төленетін ақы белгіленетін болады. Бұл «шығынды өтеу» әдісі бойынша тарифтерді бекітетін қазіргі ахуалды өзгертуге мүмкіндік береді», - деді Б.Жақсалиев.
Ол айтып өткендей, ынталандыру механизмдерін нығайту негізінде энергия тарататын ұйымдарды босату жүзеге асырылады.
«Елдің энергетикалық кешенін ырықтандыру мен жекешелендіру нәтижесінде электр тарататын ұйымдардың саны көбейді. Бүгінде олардың саны 160-ты құрап отыр. Олардың атқаратыны бір қызмет электр энергиясын тарату. Ынталандыру механизмдерін нығайту негізінде энергия тарататын ұйымдарды босату жүзеге асырылады», - деді вице-министр.
Сонымен қатар, оның айтуынша, ұйымдарға келесі талаптар қойылады: диспетчерлік технологиялық басқарманың болуы, атесттатталған, кешенді оқытылған ұжымға ие болу, жүйелік оператор, автоматтандырылған коммерциялық есеп жүйесінің болуы.
«Осы шаралар ЭБҰ санын 2022 жылға дейін 30 пайызға (160-тан 110-ға дейін) азайтуға және энергиямен жабдықтаудың сенімділігін арттыруға, иесіз деп танылған электр желілері мәселесін шешуге мүмкіндік береді», - деді Б.Жақсалиев.
Қайрат Жандыбаев
-
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді -
Экспортты қолдау және электронды сауданы дамыту шаралары -
Азаматтық алу, электронды мемлекеттік қызмет және заңсыз көші-қонды анықтау шаралары -
Қазақстан Конституциясы қалай қабылданды -
Электр энергиясы мен газ: Биыл тариф қалай қалыптасады -
ХЖҚО жұмысын жаңғырту, Электронды еңбек биржасы мен ҰБЖ-ны дамыту -
Электронды коммерция: өңірлік және ішкі дамуды ынталандыру -
Мүгедектігі бар адамдардың құқығын қорғау бойынша заңнамаға түзетулер енгізілмек -
ҰБТ-2021: Электронды форматтың артықшылықтары мен мүмкіндіктері -
ҚР энергетика саласы: Мұнай-газ саласы, жер қойнауын пайдалану және электр энергетикасы -
Тоқаев пpезиденттiгiне – 2 жыл: Қандай маңызды шешiмдеp қабылданды -
БҒМ: Мектепке жұмысқа тұру тәртібі, тестілеуді электронды форматқа көшіру және дипломды цифрландыру -
Әлемдегі және Қазақстандағы электронды сауданың даму перспективалары -
Педагогтік әдеп жөніндегі кеңес: Ұстаз мәселесін шешудегі рөлі қандай -
Бәсекелестікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба қандай нәтиже береді