- Басты
- Жаңалықтар
- Чилидің энергетика вице-министрі: Әлемді энергетикалық өзгерістер күтіп тұр
Чилидің энергетика вице-министрі: Әлемді энергетикалық өзгерістер күтіп тұр
Ресми бөлімінде Чилидің энергетика вице-министрі Химена Хара әлем энергетикалық өзгерісті бастан кешіру керектігін айтты, оның құрамына баламалы энергия көздеріне серпін жасау енеді. Оның айтуынша, «Болашақтың энергиясы» тақырыбы әлемдік қауымдастық үшін аса маңызды. ЭКСПО-2017 елдерге «жасыл экономикаға» өту саласында тиімді мүмкіндік беріп отыр.
«Біздің табиғи жағдайды ескерсе Чили үшін аталмыш тақырып өте жақын. Бізде қазба жанармай жоқ, сондықтан да біз табиғи газды планетаның әр өңірінен жеткіземіз. Күн радиациясының ең жоғарғы деңгейі Атакама құрылығында орналасқан. Оның аймағында үнемі жел соғады. Осы біздің жанармай болып табылады. 10 жыл бұрын күн және жел энергеиялары тек бақуатты елдер үшін ғана қолжетімді деп айтқан болатын, себебі оған кейбір мемлекеттер ғана қол жеткізе алады. Бүгінде министр бұл барлық планетаның болашағы екенін сеніммен айта алады», - деді вице-министр.
Өз кезегінде, ҚР қорғаныс министрінің орынбасары Талғат Жанжүменов Чилидің баламалы энергетика көздерін дамытудағы мүмкіндігі зор екенін атады. Чилиде гидроаккумуляторлық жүйе үшін ең қолайлы жағдай бар.
«Чили Республикасының баламалы энергия көздері саласындағы саясаты мен жетістігі өзге аймақтың энергетикалық нарықтар үшін өте құнды тәжірибе болып табылады. Олардың ЭКСПО-2017 көрмесіндегі жаңашылдықтарды таныстыруы өте тиімді. Қазақстан Чилиді Латын Америкасындағы ең тұрақты ел ретінде таниды. Қаржылық-экономикалық және әлеуметтік саяси тұрақтылық, тұрақты жоғарғы бедел Чилиге халықаралық қауымдастық алдында Оңтүстік Американың «эталон» рөліне мүмкіндік береді. Чилидің ЭКСПО-2017-не қатысуы халықаралық қызметтің сауда-экономикалық қарым-қатынасы саласын белсенділету платформасы ретінде қарастырылады», - деді Қорғаныс министрлігінің орынбасары.
Чили Республикасы – Оңтүстік Американың оңтүстік-батысында орналасқан мемлекет, Ол Тынық мухиты мен Андами арасында ұзын жолақ жерді алып жатыр. Батыста Тынық мұхитымен шайылса, Аргентина, Перу, Боливиямен шекаралас. Ұлттық экспозиция Латын Америкасы павильонында орналасқан.
-
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
«Startup Bolashaq» бизнес-жобалар байқауы: Жобаға қандай өзгерістер енгізілді -
«Ауыл - Ел бесігі» жобасы:Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту қалай жүзеге асырылады -
МӘМС: Сақтандырылмаған тұрғындар кімдер және олар қалай тіркеледі -
СOVID-19: Елорда «қызыл» аймақта тұр -
Жануарларды қорғау: Заң жобасындағы өзгерістер мен жануарларды ұстау кезіндегі қойылатын талаптар -
А.Тұрмұхамбетова: Сапасыз жүргізілген сауалнамалар университеттердің беделіне нұқсан келтіреді -
Елордада Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі Хатшылығының отырысы өтіп жатыр -
Қоғамдық кеңестердің қызметі, заңға енгізілген өзгерістер мен Kazkenes.kz порталының жұмысы -
Зейнетақы жүйесіне қандай өзгерістер енгізілмек -
«Ақын» фильмінің әлемдік тұсаукесері Токиода өтеді -
А.Балаева: «Astana Media Week» - әлемдік медиа мамандарын біріктіретін жоба -
Тұрғын үй нарығында тұрақтылық бар ма -
Екібастұз қаласының дамуы: инвестициялық жобалар, тұрғын үй, денсаулық сақтау және білім беру жүйелері