Ауыл шаруашылығын барынша дамыту қажет – Қ.Ақсақалов

2 Тамыз, 2017 18:34
Солтүстік Қазқастан облысының әкімі Құмар Ақсақалов аймақ бойынша кезекті жұмыс сапары аясында ауыл шаруашылығын барынша дамыту және жалақыны көтеру қажетілігін атап өтті.

«Барлық аудан бойынша еңбекақы сомасы 286 млн. теңге. 142 млн. теңге салық төленген, екеуiн қосқанда 420 млн. теңге. Ал мемлекет тарапынан ауыл шаруашылығына 1 млрд. 285 млн. теңге демеуқаржы берiлген. Алдыңғыдан 3 есе көп. Мемлекет тарапынан осындай көмек көрсетiлiп жатқанда, оны пайдаланып, көп өнiм шығаруымыз керек», — дедi Құмар Ақсақалов.

Кезектi жұмыс сапары аясында Ақжар және Уәлиханов аудандарында болған Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмi Құмар Ақсақалов «Коцак» ШҚ-ның егiстiк алқаптарын көру барысында Ақжар ауданының агроқұрылым басшыларымен кездестi. Сонымен қатар, «Қазпошта» Ақ бөлімсеімен және оуылдық округтегі Мәдениет үйінің жөндеу жұмыстарымен танысып, фельдшерлiк-акушерлiк қосында болды.

Аудан орталығында облыс әкiмi 2017 жылдың бiрiншi жартыжылдығында көркейту бойынша атқарылған жұмыстарды байқады.

«Ауыл шаруашылығы өнiмдерi өндiрiсiнiң құрылымында 50 пайыздан астамын өсiмдiк шаруашылығы, одан аз бөлiгiн мал шаруашылығы иеленедi. Үстiмiздегi жылғы 6 айда ауыл шаруашылығы өнiмдерiнiң жалпы көлемi 4 млрд. 336 млн. теңгенi құрады, ал нақты өсiм көлемi 2016 жылмен салыстырғанда 105% болды. Ауыл шаруашылығының негiзгi капиталына салынатын инвестиция жыл сайын өсiп келедi», — дедi аудан әкiмi Серікбай Тұралинов.

Облыс әкiмi Құмар Ақсақаловтың жұмыс сапары Уәлиханов ауданында жалғасты. Онда өңiр басшысы ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушiлермен кездесiп, жұмысшылардың еңбекақысына қызығушылық бiлдiрдi. Облыс әкiмi «Жодасбай-Агро» ЖШС-нiң егiстiк алқабында ауыл шаруашылығын әртараптандыру бойынша атқарылып жатқан жұмыспен танысты.

«Аудан экономикасының басты секторларының бiрi — ауыл шаруашылығы. Бiрiншi жартыжылдықта жалпы өнiм көлемi 3 млрд. 452 млн теңгенi құрады, НИК — 107,8 пайыз. Майлы двқылдар алқабы өткен жылмен салыстырғанда 10 мың гектарға көбейдi. Ауданда 14 ауыл шаруашылығы кооперативi жұмыс iстейдi, оның 13-i — мал шаруашылығы, 1-уi — өсiмдiк щаруашылығы бойынша», — дедi аудан әкімі Медет Оспанов.

Оның айтуныша, қазiргi уақытта дене тәрбиесi кешенiнiң құрылысы жүргiзiлiп жптыр. Тапсырылу мерзiмi жоспар бойынша — 1 желтоқсан. Биыл құрылыс бойынша №2 мектеп қалпына келтiрiледi. Қазiргi кезде конкурстық процедура жүргiлуде.

Кеңестiң соңында Құмар Ақсақалов еңбекақыны көтеру және тұрақты жұмыс орындарын ашу бойынша шаралар жасауды тапсырды.

Барлық жаңалықтар