- Басты
- Жаңалықтар
- «Әйелдер павильоны» алдағы ЭКСПО көрмелерінде «EXPO Women» форумын құруды ұсынды
«Әйелдер павильоны» алдағы ЭКСПО көрмелерінде «EXPO Women» форумын құруды ұсынды
Айта кетейік, әйелдер форумының ұйымдастырушылары EXPO Women халықаралық ұйымы, G-Global, «Әлеуметтік динамика» Қоғамдық қоры, ҚР Тұңғыш Президентінің кітапханасы, Астанадағы ЕҚЫҰ бағдарламалар кеңсесі.
Форумға Қазақстан өңірлерінің әйелдері мен Ресей, Италия, АҚШ, Финляндия және өзге елдердің өкілдері қатысты.
«EXPO Women» Президиумының төрағасы, ҚР Президенті жанындағы «жасыл экономикаға» көшу кеңесінің мүшесі Салтанат Рахымбекова айтып өткендей, әйелдерге жасыл технология саласындағы шараларды ұйымдастыру қажет.
«Біз бүгін қоршаған ортаны қорғау мәселесінде әйелдер әлеуетінің жетістігін көрсетіп отырмыз, климаттың өзгеруімен күрес, жасыл экономикаға көшу, сондай-ақ, 2015 жылы қабылданған тұрақты дамудың 17 мақсаты. 2000 жылы өткен мақсаттардың қорытындысы кезінде біздің ел үздік көрсеткішке ие болды. Қазір ЭКСПО көрмесін өткізген соң, 17 мақсатқа қол жеткізу бойынша барлығымыз бірігіп елімізге рейтингтің жоғары сатысынан орын алуға көмектесеміз», - деді Салтанат Рахымбекова.
Назарбаев орталығында «Әлемді өзгерткен әйелдер» фотокөрмесі өтті.
«EXPO Women» басшысы айтып өткендей, үшінші халықаралық әйелдер форумы Дубайда өтеді.
«Екі жыл бұрын Миланда «EXPO Women» ұйымдастырып, алғашқы халықаралық форум өткіздім. Миланда келіскендей, болашақта ЭКСПО көрмесінің барлығы – біздің көрме (әйелдердің). Біз ғылым, инновация, мәдениет және өнер саласындағы жетістіктерімізді міндетті түрде көрсетуіміз керек. Екі жылдан кейін Дубайда үшінші халықаралық форум өткіземіз. Үшінші форумымыз ЭКСПО тақырыбын жалғастырады. Дубайдағы ЭКСПО-да мыңжылдық мақсатына жету болуы керек», - деді ол.
Сондай-ақ, форумға қатысшылар Дубайда ЭКСПО-2020 көрмесінде «Expo and Women» әйелдер павильонын құруды ұсынды.
Форум аясында «Coca Cola Белестері», республикалық байқау жеңімпаздарын ресми марапаттау рәсімі өтті. Конкурстың 10 жеңімпазы 4 мың доллар көлемінде өз жобаларын жүзеге асыруға мүмкіндік алды.
Ақбота Күзекбай
-
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
Экспортты қолдау және электронды сауданы дамыту шаралары -
Қазақстан мен Ресейдің XVII өңіраралық ынтымақтастық форумында қандай мәселелер көтерілді -
Машина жасау: Өндіріс көлемі, экспорт және саланың өзекті мәселелері -
Пандемия Қазақстан экспортына қалай әсер етті -
EdTech: Қазақстандық білім беру технологиялары форумына тіркелу басталды -
АШМ: Экспорт, АШ өнімдерінің көлемі және феpмеpлеpдi қолдау шаpалаpы -
ЕАЭО: Қазақстандық экспорт өсімі, бюджетке келген пайда және көлеңкелі экономика -
ШОБ: Алдағы үш айда мемлекеттік қолдаудың жаңа шаралары күшіне енеді -
Түркістан облысының дамуы: Сауда айналымы, экспорт, импорт және инвестиция -
Энергетика министрлігінің алқа жиыны: Мұнай саудасы, уран өндірісі, электр энергиясының өнімділігі -
АӨК-ні дамыту: Өңделген өнім экспортын арттыру, субсидия көлемін ұлғайту және қолдау шаралары
-
Ішкі сауда және экспорт: КТО желісін, Digital Export терезесін құpу, тұтынyшы құқығын қоpғаy мәселелері -
2020 жылы Қазақстанның Даму Банкі қаржыландырған кәсіпорындар 1 трлн теңгенің өнімін экспорттады -
Назарбаев Нығматулинді фракция жетекшілігіне ұсынды