• Басты
  • Жаңалықтар
  • Мемлекеттік қызмет істерінің агенттігі қазақстандықтардың сұрақтарына жауап береді

Мемлекеттік қызмет істерінің агенттігі қазақстандықтардың сұрақтарына жауап береді

2 Тамыз, 2017 15:01
Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының орынбасары А.Шпекбаевтың қатысуымен интернет-конференция өтеді.

«Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі және оның ведомстволары мен аумақтық бөлімшелерінің қызметінің ашықтығын, қол жетімділігін қамтамасыз ету мақсатында 2017 жылғы 2 тамызда сағат  15.00-ден 18.00-ге дейін интернет-конференция өткізіледі», - делінген хабарламада.

Интернет-конференция келесі бағыттарды қамтиды:

- сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және алдын алу, оның ішінде  сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды,  қызметтік әдеп нормаларының бұзушылықтарын анықтау бойынша қабылданып жатқан шаралар;

- мемлекеттік қызметті кәсібилендіру (100 нақты қадам - Ұлт жоспарына сәйкес мемлекеттік қызметтің жаңа моделін іске асыру, мемлекеттік және құқық қорғау қызметіне іріктеу және кіру мәселелері және т.б.);

- мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасына бақылауды жүзеге асыру.

Сұрақтар мен өтініштер Агенттік және оның аумақтық бөлімшелері қызметінің басқа да бағыттарын қамтуы мүмкін.

Интернет-конференция «Ашық диалог» порталында және Агенттіктің интернет-ресурсында нақты уақыт режимінде өтеді.

Конференция «сұрақ-жауап» режимінде қашықтық деңгейде өткізіледі.

Сұрақтар қою үшін kyzmet.gov.kz мекенжайы бойынша Агенттіктің сайтына немесе dialog.egov.kz веб-торабына кіріп, «Интернет-конференция» бөлімін  таңдап, мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мен алдын алу және мемлекеттік қызмет көрсету сапасы салаларының мәселелері бойынша қызығушылық танытатын сұрақтар қоюға болады.

 

Барлық жаңалықтар