- Басты
- Жаңалықтар
- «Мектепке жол»: Қарағандыда 9 жыл ішінде 280 мың бала оқу жылына дайындалған
«Мектепке жол»: Қарағандыда 9 жыл ішінде 280 мың бала оқу жылына дайындалған
Жыл сайын жаңа оқу жылы қарсаңында Қазақстанның барлық өңірлерінде «Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясы өткізіледі. Биыл ол «Менің таңдауым – балаларға көмек көрсету!» атты ұранмен өтуде.
Еkaraganda.kz порталы хабарлағандай, 2016 жылы акция қорытындылары бойынша облыста 29,5 мың бала қамтылып, олар 280 миллион теңге сомасына мектеп құралдарымен қамтамасыз етілді.
«Мектепке жол» акциясы 9 жыл ішінде 280 мың баланы жаңа оқу жылына дайындады. Акция демеушілерінің саны жыл сайын өсіп келеді, бұл балаларға көп көңіл бөлінетінін көрсетеді», - деді Қ. Оспанов.
Ол осы науқанның аз қамтамасыз етілген және көп балалы отбасылардан шыққан балаларға, жетім балаларға және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға қолдау көрсету үшін өткізілетінін атап өтті. Акцияның басты мақсаты – оқу жылында балалардың киімдерінің, аяқ киімдерінің және кеңсе тауарларының болмауына байланысты мектепке келмей қалуына жол бермеу.
«Біз соңғы алты жыл ішінде осы акцияны үнемі қолдап келеміз. Біздің қоғамымызға шын мәнінде қандай да бір көмекке мұқтаж адамдар келеді. Біз жаңа оқу жылына 10 портфель сатып алуға қаражат бөлеміз, оның төртеуін облыста тұратын және алтауын қалада тұратын отбасыларға апарамыз», - деп қосты «Мир добра» ҚҰ президенті Татьяна Абрамова.
Сондай-ақ, 26 шілде және 30 қыркүйек аралығындағы кезеңде облыстық басқарма жанынан ашылған шұғыл желі жұмыс істейтінін атап өткен жөн. Осы телефон нөміріне хабарласа отыра, әркім акция ережелерімен танысып, өз толықтырулары мен түзетулерін енгізе алады немесе демеуші болу үшін толық ақпаратты біле алады.
Еске сала кетейік, 1 тамызда Қазақстанда «Мектепке жол» атты жыл сайынғы акция басталған болатын, ол 30 қыркүйекке дейін жалғаспақ.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
COVID-19: Оңтүстік Кореяда коронавирус күшейді, Францияда балалар арасында вирус жұқтырғандар саны артуда -
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
ДСМ: Елдегі эпиджағдай, ревакцинация, Pfizer жеткізілімі және балаларды вакциналау