Қазақстанның кеден қызметі цифрлық форматқа көшуде (ФОТО)

2 Тамыз, 2017 10:49
Қазақстанның кеден қызметі цифрлық форматқа көшеді. Бұл туралы ҚР қаржы вице-министрі Руслан Бекетаев баспасөз конференциясында хабарлады.

«Ұлт жоспары аясында Қаржы министрлігіне 8 қадам бекітілген, оның ішінде үшеуі орындалды. «Индустрияландыру және экономикалық өсім» үшінші бағыты бойынша 2016 жылы мүлік пен қаржыны заңдастыру табысты жүзеге  асырылды (41 қадам). Заңдастыруды 140 мыңнан астам адам пайдалана алды, экономикалық айналымға 5,7 трлн теңге енгізілді. Оның ішінде қаржылай  - 4,1 трлн теңге және мүлік ретінде - 1,6 трлн теңге. Заңдастырылған 151 мыңнысанның 9,5 мың нысаны коммерциялық жылжымайтын мүлік ретінде есепке алынды. Бұл жылына мүліктік салық көлемін шамамен 800 млн теңгеге арттыруға мүмкіндік береді» - деді Р. Бекетаев.

Министрдің орынбасары қабылданған «Мемлекеттік сатып алу туралы» заңның артықшылықтарын және оңалту мен банкротқа(56.4 қадам) ұшырау меселелерін тілге тиек етті.  Сонымен қатар, кедендік және салықтық әкімшілендіруді жетілдіру, сыртқы экономикалық қызметтің қатысушыларына қолайлы жағдай жасау туралы хабарлады.

«Жаңа Кеден кодексінде кедендік мағлұмдауды(38 қадам)  цифрлық форматқа көшіру жүзеге асырылады және экспорттық-импорттық операциялар бойынша «бір терезе» принціпі енгізіледі. Егер, бүгінде құжаттарды рәсімдеу үшін екі сағат уақыт кететін болса, «Астана-1» кедендік мағлұмдау жүйесі енгізілгеннен кейін  жасыл дәлізгірелге автоматты түрде шығарылады», - деп мәлімдеді Р. Бекетаев.

Вице-министр хабарлағандай,  2017  жылдың 1 тамызындағы жағдай бойынша 25 848 мағлұмдама өңделген және экспорттық-импорттық операциялар бойынша «Бір терезе» жүйесі 2019 жылдың басында іске қосылады деп  жоспарланған. 

«Сыртқы экономикалық қызметтің қатысушысына тауарды кедендік тазарту барысында бір нүктеден рұқсатнама құжаты беріледі және бизнесменге кеденге қағаз түрінде құжаттарды ұсыну қажет болмай қалады», - деп түсіндірді Р. Бекетаев.

Министрдің орынбасырының айтуынша, 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап (40 қадам) «Іс біткен соң» кедендік тазарту жүйесі енгізіледі, оның нәтижесінде СЭҚ қатысушысы өз тауарын шекарадан өткеннен кейін бірден пайдалана алады, ал кедендік мағлұмдауды тауарды алып келгеннен соң 10-40 күнде толтырса жеткілікті.   

«Ағымдағы жылдығ 1 қазанынан бастап Қаржы министрлігі «Виртуалды қойма» модулін (39қадам) іске қосады. Осы ретте, тауарды кіріске енгізбей жатып сатуға болмайды, осылайша алаяқтық фактісі алдын алынады және жалған ЭЕШ берілмейтін болады. 2020 жылдан бастап жалпылай мағлұмдауды енгізу жоспарлануда. Салықтық мағлұмдауды қабылдаумен «Азаматтарға арналған үкімет» корпорациясы айналысатын болады (43 қадам)», - деп түйді спикер.

Қайрат Жандыбаев

Фото Шыңғыс Қаппаров

Барлық жаңалықтар