Қазақстанда инфляция деңгейі 3,8%-ды құрады

2 Тамыз, 2017 11:34
2017 жылғы қаңтар-шілдеде Қазақстан Республикасында инфляция 3,8%-ды құрады.

Статистика комитеті хабарлағандай,  баға азық-түлік тауарларына ағымдағы жылғы жеті айда (2017ж. шілде 2016ж. желтоқсанға) 4,6%, азық-түлік емес тауарларына – 3,5%, ақылы қызметтерге – 3,3%-ға өсті.

Ағымдағы жылдың басынан (2017ж. шілде 2016ж. желтоқсанға) бағаның өсуі картопқа 47,4%, қой етіне – 11,5%, сиір етіне – 10%, жаңадан жиналған көкөністерге – 9,1%-ға, жаңадан жиналған жемістерге,  консервіленген сүтке – 7%-дан, жылқы етіне – 6,2%, сары майға – 5,8%, мәйекті ірімшікке – 5,3%, кондитерлік өнімдерге – 4,9%-ға белгіленді.

Бағаның төмендеуі қиярға 69,3%, қызанаққа – 45%, жұмыртқаға – 29,2%, қарақұмық жармасына – 16,4%, күнбағыс майына – 9,7%, тәтті бұрышқа 6,3%-ға тіркелді.
Баға өсімі автомобильдерге, шыны және қыштан жасалған өнімдерге 5,3%-дан, тоқыма бұйымдарына – 3,8%, газеттер, кітаптар және кеңсе тауарларына – 3,6%, тұрмыстық аспаптарға – 3,2%, жеке қолданатын тауарларға – 3,1%-ға, фармацевтикалық өнімдерге, құрылыс материалдарына – 3%-дан құрады. Баллондағы сұйытылған газ 7,7%, дизель отыны – 7,4%, бензин – 5,1%-ға қымбаттады.

Баға деңгейі санаторийлер қызметтеріне 9,4%, құқық қызметтеріне – 7%, жеке көлiк құралдарын сақтандыруға – 6,8%-ға, денсаулық сақтау қызметтеріне, саяхаттар мен демалыс үйлеріне жолдамаларға – 4,9%-дан, демалыс, ойын-сауық және мәдениет саласындағы – 2,8%, қоғамдық тамақтандыру – 2,6%-ға өсті.

Ішкі қалалық автобуспен жол жүру ақысы 4,2%, қалааралық автобуспен – 4,4%, жолаушылардың әуе көлігімен – 16,9%-ға қымбаттады, ал темір жол көлігімен – 0,3%-ға арзандады.

Тұрғын үй-коммуналдық қызметтер саласында тарифтер кәрізге 9,6%, орталықтан жылытуға – 7,3%, суық суға – 5,7%, тарату желілері арқылы тасымалданатын газға – 4,8%-ға, ыстық суға, электр энергиясына – 3,8%-дан, тұрғын үйді күтіп ұстауға – 3,5%-ға жоғарылады.

 

 

Барлық жаңалықтар