- Басты
- Жаңалықтар
- ОҚО-ға тартылған инвестиция көлемі 180,6 млрд теңгеге жетті
ОҚО-ға тартылған инвестиция көлемі 180,6 млрд теңгеге жетті
Облыс әкімдігінің хабарлауынша, индустриялды-инновациялық даму бағдарламасы бойынша кәсіпкерлікті қолдау картасы аясында облысымызда жалпы құны 208 млрд.теңгені құрайтын 162 жоба іске қосылып отыр. Бұл өз кезегінде 9,5 мың жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік берді.
Бұдан бөлек, өңірде биылғы жылы 37,1 млрд. теңгенi құрайтын 17 жобаны іске қосу көзделсе, бүгінгі таңда құны 1,7 миллиард теңгені құрайтын 3 зауыт өз жұмысын бастап кетті.
«Жүзеге асқан жобаның бірі - Шымкент қаласындағы вафли өндіру фабрикасы. Мұнда жылына 1700 тонна өнім өндіру көзделіп отыр. Екінші жоба - «Азия агро» ЖШС-гі Отырар ауданында жүгері өңдеу ісін қолға алып отыр. Үшінші жоба - Созақ ауданында уран өндірісіне арналған полиэтилен шығаратын зауыт өз жұмысын бастап жіберді», - дейді облыстық кәсіпкерлік, индустриалды - инновациялық даму және туризм басқармасының басшысы Батырхан Құрмансейіт.
Жалпы облысымыз инвестицияға тартымды өңір болып табылады. Әзірге инвестиция тарту бойынша Шымкент қаласы, Отырар, Төлеби, Сарыағаш аудандары көш бастаған.
Инвесторлардың қызығушылық танытып отырған салалары фармацевтика тоқыма өндірісі, жеңіл өнеркәсіп және ауыл шаруашылығындағы қайта өңдеу өнеркәсібі болып тұр.
Бұдан бөлек, машина жасау, туризм, «Ақылды қала" салалары бойынша ынтымақтастық орнату, тәжірибе алмасу мақсатында Германия, Ұлыбритания, Грузия, Испания, Италия, Түркия, Ресей және т.б. мемлекеттеріне ресми сапарлар жоспарлануда. Мұндай шаралар өңіріміздің инвестициялық мүмкіндіктерін таныстырып, жаңа әріптестік қатынас орнатуға жол ашады.
Осыдан 5 жыл бұрын өңірімізде шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 120 мың болса, соңғы 5 жылда бұл көрсеткіш көбейіп, 176 684-ке жетіп отыр. Ал, осы салаға инвестиция тарту бойынша облысымыз республикада алдыңғы орынға шықты. Жалпы облыс экономикасына 2016 жылы 380,6 млрд.теңге инвестиция тартылған.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Машина жасау: Өндіріс көлемі, экспорт және саланың өзекті мәселелері -
Маңғыстауға Қостанай облысынан 32 миллион теңгеге тегін мал азығы әкелінеді -
Екібастұз қаласының дамуы: инвестициялық жобалар, тұрғын үй, денсаулық сақтау және білім беру жүйелері -
Мүгедектік және асыраушысынан айырылғандарға 260 млрд теңге жәрдемақы төленді -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,7 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және МӘМС жүйесі -
Машина жасау: Автомобиль құрастыру, металл өнімдері және өндіріс көлемі -
Алматының дамуы: Эпиджағдай, денсаулық, білім, тұрғын үй саласы және инвестиция -
Шымкент қаласының дамуы: Өңірдегі эпиджағдай, инвестиция және ШОБ-ты қолдау шаралары -
Ақтөбе облысының дамуы: Өңірдегі эпиджағдай, инвестиция және ШОБ-ты қолдау шаралары