- Басты
- Жаңалықтар
- Алматы облысында 4500-ден астам адам жұмысшы мамандығына оқытылады
Алматы облысында 4500-ден астам адам жұмысшы мамандығына оқытылады
Облыс әкімдігі хабарлағандай, оқуға қабылдануға үміткерлер тізімін жергілікті жерлерде арнайы құрылған мобильдік топтар анықтауда. Бүгінгі күнге жұмысшы мамандықтарды дайындау бойынша 43 мамандықтың тізбесі әзірленіп, колледждер тізімі бекітілген.
Облыстық білім басқармасының мәліметіне сүйенсек, өңірдегі техникалық және кәсіптік білім беру колледждеріне биылғы жаңа оқу жылында жалпы мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде облыстық бюджет есебінен 5600-ден астам адам қабылдау жоспарланып отыр. Соның 4500-ге жуығы жұмысшы мамандықтар бойынша оқытылатын болады. Колледждерде техникалық және технологиялық, ауыл шаруашылығы, құрылыс, қызмет көрсету салалары бойынша және басқа да бағытта мамандар даярланбақ.
Сонымен қатар бірқатар колледждерде жаңа мамандықтар ашылды. Мәселен, олардың қатарында «Газ құбырларын пайдалану және жөндеу слесары», «Слесарь – вагондарды құраушы», «Ашыту процесінің операторы», «Сызушы», «Көкөніс тұздаушы», «Қаймағы алынбаған және ашымалы сүт өнімдерін жасау шебері» және басқа да бүгінгі еңбек нарығында сұранысқа ие бірқатар мамандықтар бар. Бұл мақсатқа облыстық бюджеттен 90,2 млн. теңге бөлініп отыр.
-
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
А.Цой: Коронавируспен ауырған адамдардың 96 %-ы вакцина алмаған -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
17 миллионнан аса адам санақ сауалдарына жауап берді -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар қандай әлеуметтік көмек алады -
Мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 300 мыңнан астам қызмет алды -
Адам саудасымен байланысты қылмыстардың алдын алу шаралары -
82 мыңнан астам адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
COVID-19: Бразилияда тәулігіне 10 мың-ға жуық адам вирус жұқтырған, Украина жаңа карантин ережелерін енгізді