- Басты
- Жаңалықтар
- Қытай қазақстандық бидайдың жоғары сапасын атап өтті (ВИДЕО)
Қытай қазақстандық бидайдың жоғары сапасын атап өтті (ВИДЕО)
«Біздің зауыт негізінен азық өндірумен айналысады. Зауыттың өнімділігі күніне 300-400 тонна азықты құрайды. Бұл азық Қытайда өндіріліп, сатылады. Біз негізінен бидайды Қазақстаннан сатып аламыз, оның деңгейі жоғары. Өткен жылы азықтың бір килограммы 1,7 юань болса, биыл өскен. Үшінші класқа жататын бидайға біз өз компоненттерімізді қосып, оны малға азық ретінде жібереміз. Бұл ерекше азық, жануарлар, балықтар, шошқа, үй құстары үшін қолданылады. Сапаға қойылатын ерекше талаптар жоқ. Сіздің бірінші және екінші сұрыпты ұндарыңызды біз нан үшін сатып аламыз. Сапасы өте жоғары», - деп атап өтті Цинь Сян Дун.
Сондай-ақ, ол зауыттың жоғары айналымдары кезінде болашақта май өндіру жөніндегі екінші желіні ашу жоспарланып отырғанын айтты.
«Сондай-ақ, біздің зауытта май өндіру жөніндегі екінші желіні ашу жоспарлануда. Мұнда біздің Қазақстанмен ынтымақтастығымыз одан әрі өсе түседі деп ойлаймыз. Қытай мен Қазақстан арасындағы бірлескен жұмыс жоспарларымыз халқымыздың игілігі үшін сенім береді», - деп қосты Цинь Сян Дун.
Еске сала кетейік, "Бір белдеу, бір жол" ұлы жобасын құру туралы ұсынысты ҚХР төрағасы Си Цзиньпин 2013 жылы Орталық Азия елдеріне сапары барысында жасаған болатын. Содан бері Қытай мен Қазақстан арасында көлік саласындағы жобалар іске асырылып келеді. Ең маңызды жобалар ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың "Нұрлы жол" экономикалық саясатында да айқындалған. "Бір белдеу, бір жол" жобасын көптеген елдер қолдады. Осы қытайлық бастаманың мәні Қытайдың қатысуымен қолданыстағы өңірлік екіжақты және көпжақты өзара іс-қимыл жасау механизмдері мен құрылымдарын нығайту арқылы халықаралық ынтымақтастық пен дамудың жаңа моделін іздестіру, қалыптастыру және ілгерілету болып табылады. Ежелгі Жібек жолы рухын жалғастыру және дамыту негізінде "Бір белдеу, бір жол" өңірлік экономикалық әріптестіктің жаңа механизмдерін әзірлеуге, тартылған елдердің экономикалық гүлденуіне ынталандыруға, әр түрлі өркениеттер арасында барлық салалардағы мәдение алмасу мен байланыстарды нығайтуға, сондай-ақ бейбітшілік пен тұрақты дамуға жәрдемдесуге шақырады.
Қайрат Жандыбаев
Автордың видеосы
-
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
Эпидемиолог:Ревакцинацияға азаматтардың қызығушылығы жоғары -
«Жасыл Қазақстан»: Ауа сапасын жақсарту, биоалуантүрлілікті сақтау және экомәдениетті қалыптастыру -
30 қазақстандық компания «Жасыл кеңсе» конкурсының жеңімпазы атанды -
Елордада құтқарушылар күні атап өтілді -
Халықты әлеуметтік қорғаудың қазақстандық моделі -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Шетелдік сарапшы: “Елбасы мен ел президентінің съезді өткізудегі еңбегін жоғары бағалаймын” -
Үйде арнаулы әлеуметтік қызмет ала алатын қазақстандықтардың тізбесі кеңейтілді -
"Рухани жаңғыру": Елордада қазақ тіліне аударылған 100 оқулықтың таныстырылымы өтті -
Жолдау-2021: Ластану деңгейі жоғары 10 қаладағы атмосфералық ауаны жақсарту шаралары -
COVID: Қытайда «дельта» штамын жұқтырғандар саны артты, Үндістанда күніне 200-ден астам адам көз жұмуда -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,7 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Жамбыл облысы: Аурудың жоғары деңгейі облыстың барлық қаласы мен ауданында байқалуда -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,5 трлн теңгеден астам сомаға зейнетақы төленді