Халықаралық интеграция

Қытай қазақстандық бидайдың жоғары сапасын атап өтті (ВИДЕО)

Қазақстандық бидай Қытайда ерекше сұранысқа ие, себебі ол барлық нормаларға сәйкес келеді, деп атап өтті Қорғастағы (Қытай) Джао Фэнхе зауытының азық өндіру жөніндегі бастығы Цинь Сян Дун қазақстандық тілшілермен кездесуде.
Әлемде 02 Тамыз, 08:43

«Біздің зауыт негізінен азық өндірумен айналысады. Зауыттың өнімділігі күніне 300-400 тонна азықты құрайды. Бұл азық Қытайда өндіріліп, сатылады. Біз негізінен бидайды Қазақстаннан сатып аламыз, оның деңгейі жоғары. Өткен жылы азықтың бір килограммы 1,7 юань болса, биыл өскен. Үшінші класқа жататын бидайға біз өз компоненттерімізді қосып, оны малға азық ретінде жібереміз. Бұл ерекше азық, жануарлар, балықтар, шошқа, үй құстары үшін қолданылады. Сапаға қойылатын ерекше талаптар жоқ. Сіздің бірінші және екінші сұрыпты ұндарыңызды біз нан үшін сатып аламыз. Сапасы өте жоғары», - деп атап өтті Цинь Сян Дун.

Сондай-ақ, ол зауыттың жоғары айналымдары кезінде болашақта май өндіру жөніндегі екінші желіні ашу жоспарланып отырғанын айтты.

«Сондай-ақ, біздің зауытта май өндіру жөніндегі екінші желіні ашу жоспарлануда. Мұнда біздің Қазақстанмен ынтымақтастығымыз одан әрі өсе түседі деп ойлаймыз. Қытай мен Қазақстан арасындағы бірлескен жұмыс жоспарларымыз халқымыздың игілігі үшін сенім береді», - деп қосты Цинь Сян Дун.

Еске сала кетейік, "Бір белдеу, бір жол" ұлы жобасын құру туралы ұсынысты ҚХР төрағасы Си Цзиньпин 2013 жылы Орталық Азия елдеріне сапары барысында жасаған болатын. Содан бері Қытай мен Қазақстан арасында көлік саласындағы жобалар іске асырылып келеді. Ең маңызды жобалар ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың "Нұрлы жол" экономикалық саясатында да айқындалған. "Бір белдеу, бір жол" жобасын көптеген елдер қолдады. Осы қытайлық бастаманың мәні Қытайдың қатысуымен қолданыстағы өңірлік екіжақты және көпжақты өзара іс-қимыл жасау механизмдері мен құрылымдарын нығайту арқылы халықаралық ынтымақтастық пен дамудың жаңа моделін іздестіру, қалыптастыру және ілгерілету болып табылады. Ежелгі Жібек жолы рухын жалғастыру және дамыту негізінде "Бір белдеу, бір жол" өңірлік экономикалық әріптестіктің жаңа механизмдерін әзірлеуге, тартылған елдердің экономикалық гүлденуіне ынталандыруға, әр түрлі өркениеттер арасында барлық салалардағы мәдение алмасу мен байланыстарды нығайтуға, сондай-ақ бейбітшілік пен тұрақты дамуға жәрдемдесуге шақырады. 

Қайрат Жандыбаев

Автордың видеосы





Яндекс.Метрика