- Басты
- Жаңалықтар
- Астанада ЭКСПО-2017 көрмесі аясында Батыс Қазақстан облысының күндері басталды
Астанада ЭКСПО-2017 көрмесі аясында Батыс Қазақстан облысының күндері басталды
БҚО әкімінің орынбасары атап өткендей, өңір тұрғындары халықаралық мамандандырылған көрмеге қатысты әр түрлі іс-шараларға белсенді қатысуда. Бұдан бөлек, облыс әкімдігінің мәліметі бойынша бүгінгі күнге дейін Батыс Қазақстан облысының 30 мыңнан астам тұрғыны ЭКСПО-2017 көрмесін көру мақсатымен Астанаға келген.
«Жалпы, ЭКСПО-2017 көрмесінің ашылу рәсіміне Батыс Қазақстан облысынан 200-ден астам өкіл келген. Олардың арасында мемлекеттік органдардың өкілдері, депутаттар, мұғалімдер, дәрігерлер, студенттер және блогерлер бар. Көрменің алғашқы күндері облыстың 3 мыңнан астам тұрғыны, соның ішінде студенттер мен оқушылар ЭКСПО-2017 көрмесінің жұмысына белсенді қатысқан. 1 тамызға дейінгі кезеңде ЭКСПО көрмесінде өңіріміздің 30 мыңнан астам тұрғыны болған. 31 шілде және 4 тамыз аралығындағы кезеңде Батыс Қазақстан облысының мәдениет күндері аясында 10 концерттік бағдарлама, 8 театрландырылған қойылым, қолөнер көрмелері мен музей көрмесі өтеді», - деп ақпараттандырды А. Өтеғұлов.
Сондай-ақ, этноауылда елорда тұрғындары мен қонақтары облыстың қолөнер шеберлерінің жұмыстарын көре алады.
«Батыс Қазақстан облысының мәдениет күндері аясында қала тұрғындары батысқазақстандық ұжымдардың үздік жұмыстарымен танысу, Орал әртістерін көру мүмкіндігіне ие болады. Жалпы 600 шығармашылық ұжым өнер көрсетеді», - деп атап өтті әкім орынбасары.
Сондай-ақ, Арман Өтеғұлов ақпараттандырғандай, тамыз айының ортасында елордада ауыл шаруашылығы жәрмеңкесін ұйымдастыру жоспарланып отыр. Жәрмеңке дәстүр бойынша екі күн өтеді. Айта кету керек, өткен жылы қыркүйекте Батыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі ұйымдастырылған болатын.
Ақбота Күзекбай
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Билік пен қоғам диалогы: X Азаматтық форум басталды -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді -
Италияда пандемияның төртінші толқыны басталды, ЕО Украинаны «жасыл тізімнен» шығарды -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
Елордада «Рухани жаңғыру» аясында қандай жобалар жүзеге асуда