• Басты
  • Жаңалықтар
  • МӘМС аясында басқа қалада сырқаттанып қалсаңыз медициналық көмекті қалай алуға болады

МӘМС аясында басқа қалада сырқаттанып қалсаңыз медициналық көмекті қалай алуға болады

1 Тамыз, 2017 13:09
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру аясында ҚР азаматы басқа қалада сырқаттанып қалса медициналық көмекті қалай ала алады? Оның үстіне ол нақты бір емханаға тіркелген және ол үшін жарнаны жұмыс берушісі уақытылы өтейді. Осы мәселе тұрғысында ҚР денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Үкімет отырысының қорытындысы бойынша баспасөз конференциясында түсіндірді.

«Еліміздеге 18 млн халықтың барлығы тіркелген, шүкір. Алайда олардың барлығы емханаға бара бермейді және қызметін пайдаланбайды. Олардың дендері сау. Алайда қаржы бөлінуде және сіз кез-келген уақытта медициналдық көмекке тұрғылықты мекен-жайыңыз бойынша жүгіне аласыз. Егер, сіз саяхаттап жүріп оқыс оқиғаға тап болсаңыз Қазақстанның кез-келген аймағында медициналық көмекке иек арта аласыз. Бұл жүйе бұрыннан жұмыс істеп келеді», - деді министр.

Өз кезегінде, іс-сапары ұзаққа созылған уақытта азаматқа уақытша тұрғылықты мекен-жайы бойынша тіркелген абзал.

«Ал, егер сіз ұзақ іс-сапарға шығып, дәрігердің кеңесін қажет етсеңіз және ол шұғыл болмаса сізге уақытша тұрғылықты мекен-жайыңыз бойынша емханаға тіркеліп, дәрігердің қабылдауына жазылуыңызға кеңес береміз.  Сонымен қатар, біз электронды денсаулық төлқұжатын жасақтаудамыз, ол дәрігерге сіздің ЖСН номеріңіз бойынша анықтап, сіздің ауру тарихыңызбен толық танысуға мүмкіндік береді», - деп түйді  Елжан Біртанов.   

ҚР ДСМ басшысының айтуынша, елімізде азаматтар электронды денсаулық төлқұжатымен 2020 жылға дейін қамтылады.

Бұған дейін, Елжан Біртанов Үкімет отырсында МӘМС-тің бүгінгі жағдайы туралы айтып берді.

Ақбота Күзекбай                                                                                                                       

Барлық жаңалықтар