- Басты
- Жаңалықтар
- Е.Сағадиев ҰБТ мен кешендік тестілеудің қорытындысын айтты
Е.Сағадиев ҰБТ мен кешендік тестілеудің қорытындысын айтты
Е. Сағадиев айтып өткендей, жалпы ҰБТ-ға 88 595 адам қатысты, бұл өтінім бергендердің 95% құрады.
«Тестілеу қорытындысына сәйкес республика бойынша орташа балл 140-тың 80,5-ін құрады. Өткен жылы бұл көрсеткіш 125-тің 81-ін құраған болатын. 50 баллдан тұратын межелік деңгейден 74 517 түлек асты, бұл 84%-ды құрады», - деді ол.
Кешендік тестілеу 17-23 шілде аралығында жоғарғы оқу орындарының 48 пунктінде өтті.
«Оған қатысуға 54 649 өтінім берілді, іс жүзінде тестілеуге 50 416 адам қатысты. 50 баллдан тұратын межелік деңгейден 21 078 адам немесе түлектердің жалпы санының 42% асты», - деді министр.
Межелік деңгейден өтпегендер тестілеуден қайтадан өте алады.
Айта кету керек, ҰБТ-ның мазмұндық бөлімінде логикалық ойлау деңгейін, базалық құзыретті және әрі қарай оқуға деген қабілеттілікті, яғни функционалдық сауаттылықты анықтауға бағдарланған тестілер болды.
«Бұдан өзге, биыл алғаш рет тестілеудің онлайн-таратылымы іске қосылды. Бұл барлық ниет білдіргендерге Қазақстанның кез-келген жерінен тестілеу үдерісін бақылауға мүмкіндік берді, - деді министр.
Айта кетейік, құжаттарды қабылдау 1-8 тамыз аралығында, ал тестілеу – 19-24 тамыз аралығында өтеді.
Межелік деңгейден екінші ретте де өтпей қалған жағдайда ЖОО-ға бір семестрге ақылы негізде оқуға мүмкіндік беріледі.
Ақбота Күзекбай
-
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады