ОҚО-да жыл басынан бері 615 тұрғы үй салынды

1 Тамыз, 2017 15:32
2017 жылғы қаңтар-маусымда облыста 180603,2 млн.теңге инвестиция игерілді, оның ішінде 38,6% немесе 69732 млн.теңгесі ауылдық жерлерге тиесілі.

 Қаржыландырудың негізгі көзі кәсіпорындар, ұйымдар және халықтың меншікті қаражаты болып табылады, олардың көлемі ауылдық жерлердегі инвестициялардың жалпы көлемінен  61,5% немесе 42886,7 млн. теңгені құрады.

«Ауылдық жерлерде игерілген инвестициялардың  республикалық бюджеттің үлесі 11,8%, жергілікті бюджет – 14%, банктердің кредиттері – 2,2% және  қарыз қаражаты – 10,5% құрайды.2017 жылдың басынан жалпы алаңы 82,4 мың шаршы метрді құрайтын 615 тұрғын үйлер пайдалануға берілді», - делінген  хабарламада.

Тұрғын үй құрылысында жалпы алаңның 1 шаршы метрінің орташа құны 49,5 мың теңгені құрады. Тұрғын емес оъектілер бойынша осы кезеңде ауылдық жерлерде 800 оқушы орынды 3 жалпы білім беретін мектеп, 360 орынды 3 мектепке дейінгі мекеме, ауысымына 225 келушілерге арналған 4 амбулаторлық-поликлиникалық  мекеме  пайдалануға берілді.

 

Барлық жаңалықтар