- Басты
- Жаңалықтар
- Е.Біртанов: ТМККК қайта қаралды
Е.Біртанов: ТМККК қайта қаралды
Е.Біртанов айтып өткендей, «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының денсаулық сақтау саласына бағытталғаны 80-ші қадам. Бұл – міндетті медициналық сақтандыруды алғашқы медициналық көмекті дамыту негізінде енгізу.
«ҚР денсаулық сақтау министрі реформа 1 шілдеде бастау алғанын және қазіргі уақытта жеке кәсіпкерлердің жарналары мен жұмыс берушілердің аударымдары түсіп жатқанын баяндады. Салымдарды өздерінің орнына мемлекет төлейтін тұлғаларды есепке алу «Төлемдерді өңдеуді ұйымдастыру» автоматтандырылған жүйесі негізінде 14 санат бойынша жүргізіледі. Бірінші кезекте, халықтың әлеуметтік қорғалмаған санаты, оларды мемлекет сақтандырады. Біз жалдамалы жұмыскерлер 2019 жылдың қаңтарынан бастап енеміз», - деді Е.Біртанов.
Жүйе жұмысында орын алуы мүмкін ақаулардың алдын алу мақсатында МӘМС енгізудің тәуекелдерін басқару бойынша іс-шаралардың кешенді ведомствоаралық жоспары бекітілгенін атап өткен жөн.
«Жоспар 4 бөлімнен тұрады: мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың ақпараттық-түсіндіру жұмыстары,МӘМС жүйесінің қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету,ақпараттық жүйелер және оларды ықпалдастыру,нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу.Әрбір тәуекел бойынша оларды жоюға қажетті іс-шаралар анықталған.Сондай-ақ, қазір МӘМС негізгі нормативтік-құқықтық актілері келісуден өтіп жатыр: көрсетілетін қызметтердің пакетін кеңейтуді көздейтін «ТМККК тізімін бекіту туралы» және «МӘМС жүйесіндегі медициналық көмек тізімін бекіту туралы» Үкімет қаулылары», - деді ол.
Бұдан өзге, МӘМС ақпараттық жүйесін құру мақсатында мемлекеттік органдар, Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры және «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы бірлескен жұмыс жүргізуде.
«Нәтижесінде, барлық ақпарат денсаулық сақтау министрлігінің «Тіркелген халық тіркелімі» жүйесіне жүктеледі және азаматтардың МӘМС жүйесіндегі мәртебесін анықтау үшін барлық медициналық ұйымдарға қолжетімді болады. Мемлекеттік органдардың ақпараттық базаларынан «түсіп қалуы» мүмкін азаматтар үшін өтініш түрінде ХҚКО арқылы өзінің нақты санатқа жататынын растау мүмкіндігін жасау ұсынылуда», - деді Е.Біртанов.
Айта кетейік, Әлеуметтік міндетті сақтандыру қорына түскен түсім көлемі 800 млн теңгені құрады. Бұл туралы Қордың басқарма төрағасы Елена Бахмутова Үкімет отырысында айтқан болатын.
Ақбота Күзекбай
-
Д.Абаев: Алтын Орда қалалары қайта қалпына келтіріліп, тарихи-материалдық кешен құрылады -
Азаматтарға арналған үкімет: ЭЦҚ алуды жеңілдету, автокөлікті қайта тіркеу және цифрландыру -
COVID-19: Вакцина алғандар қайта вирус жұқтыруы мүмкін бе -
Қазақстан және әлем экономикасы қайта қалпына келе бастады -
Экономист: Ел экономикасының қайта қалпына келуі үшін шамамен 3-5 жыл керек -
Елордалық ХҚО-лардың жұмыс кестесі қайта өзгерді -
Мамин қайтадан Премьер-министр болып тағайындалды -
COVID-19: Ұлыбританияда қайтадан локдаун, Токио төтенше жағдай жарияламақ -
Балалар арасында мүгедектік азайту жолдары қаралды -
ХҚО-да өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышының жұмысы қайта жанданды -
COVID-19: Еліміздің бірқатар аймағында шектеу шаралары енгізілсе, әлем елдері локдаунға қайта оралып жатыр -
Алматы облысы қайта өңдеу өнеркәсіптерін шикізатпен қамтуда көш бастап тұр -
Әлемдегі эпиджағдай күрделі: Франция мен Германияда қайтадан карантин жарияланды -
Жұмыспен қамту: Қайтарымсыз грант алу, жастар практикасы және әлеуметтік жұмыс орындары -
COVID-19: Әлем елдері шектеу шараларын қайта енгізіп жатыр