ӘМСҚ-ге шілде айындағы түскен жарна 800 млн теңгені құрады

1 Тамыз, 2017 11:14
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының мәліметі бойынша, Қорға түскен түсім көлемі 800 млн теңгені құрады. Бұл туралы Қордың басқарма төрағасы Елена Бахмутова Үкімет отырысында айтты.

«1 шілдеден бастап түсім мен кірістерді аударып отыру бойынша  заң жобасы өз күшіне енді. Олар  1 шілдеден бастап аударылып жатыр. 27 шілдедегі жағдай бойынша 548,2 млн теңге түскен, оның ішінде 38 пайызы аударым,  38 пайыз үлесі салымға тиесілі.44 пайыз жеке кәсіпкерлерден түскен төлемдер», - деді Е.Бахмутова.

ӘМСҚ  басшысы айтып өткендей, төлем бойынша көш бастап тұрған  төрт облыс бар – Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай және Алматы облысы, олар қорға түсімнің  49 пайызын құрап отыр.

«Жедел мәлімет бойынша шілдедегі түсім көлемі  800 млн теңгеден асқан. Салым   салған адам саны  384 мыңды құрап отыр», - деді ол.

Қордың мәліметі бойынша, негізгі салымдар тамыз айында басталады.

«Тамыз айында  4,5 млрд теңге түседі деп жоспарлап отырмыз, жалпы шілденің көрсеткіші болжамға сәйкес болды. Биылғы жылғы негізгі аударым  23 млрд теңгені құрайды», - деді Е.Бахмутова.

Ақбота Күзекбай

Барлық жаңалықтар