• Басты
  • Смағұловтар әулеті: Құқық қорғау саласындағы еңбек өтілі – 163 жыл
11 Желтоқсан, 2013 12:29

Смағұловтар әулеті: Құқық қорғау саласындағы еңбек өтілі – 163 жыл

Смағұловтар отбасылық династиясы бір жарым ғасырдан астам уақыттан бері павлодарлықтардың тыныштығын күзетіп келеді.

Смағұловтар әулеті: Құқық қорғау саласындағы еңбек өтілі – 163 жыл | Strategy2050.kz

Әулеттің негізін Қалиақпар Смағұлұлы Смағұлов қалаған. Ол сонау 1924 жылы сол кездегі Жезқазған облысында дүниеге келді. Отызыншы жылдардағы ашаршылықта оның отбасы Алматыға көшіп келеді. Қалиақпар әкеден ерте айырылып, анасының қамқорлығында қалды. 1942 жылы НКВД-ның конвой әскеріне шақыртылады. Ол қызметтестерімен бірге тұтқынға түскен фашистерді қарауылдап алып жүрумен айналысады. 1944 жылы Қалиақпар Смағұлов Сталинградтан бір-ақ шықты. Тағдырдың жазғаны болар, ол мұнда өзінің болашақ жары Райсамен танысады. 

Әскерден оралғаннан кейін Қалиақпар 1950 жылы КСРО МҚМ Алматы мектебіне оқуға түсіп, оны мемлекеттік қауіпсіздіктің кіші лейтенанты атағымен тәмамадап шығады. Көкшетау облысына жолдама алып, 1956 жылға дейін арнайы комендатураның коменданты болып жұмыс істейді. Содан кейін Қалиақпар Смағұлұлын Павлодар облысына ауыстырады. Мұнда ол Лебяжі аудандық милиция бөлімінің учаскелік өкілінен Павлодар қаласы №5 Іле АІІБ арнайы комендатурасының бастығы қызметіне дейінгі жолды жүріп өтті. 

Мемлекеттік қауіпсіздік органдарындағы 38 жылдық қызметінде Қалиақпар Смағұлұлы көптеген медалдермен және кеуде белгілерімен марапатталды.

Өзінің жары Райсамен бірге ұзақ әрі бақытты ғұмыр кешті. Бес ұл, екі қыз тәрбиелеп өсірді. Өкінішке қарай, бүгінде Қалиақпар Смағұлұлы мен оның жары бұл өмірден озған. 

Оның ұлдары Қали, Мұхтар мен Майдан және оның ұлдары әке салған соқпақпен жүрді. 

«Әкеміз өте қатал кісі болды, бізге: «Біреудің несібесін қызғанбаңдар. Өтірік айтпаңдар, әділ болыңдар. Алға қойған мақсаттарыңа жету үшін еңбек етіңдер» деп айтып әрқашан отыратын. Осы кезге дейін әкемнің өсиетімен жүріп келемін. Әкем ешқашан мамандық таңдауда қысым жасамаса да, осы жолды таңдадым, өйткені қалай дегенде де милиционерлердің ортасында есейдім. Әкемнің жұмысында жиі болатынмын», - деп еске алады Қали Смағұлов. 

Содан, 1967 жылы жас жігіт КСРО ІІМ Омбы жоғары мектебіне түсті. Жоғары милиция мектебін тәмамадаған соң Қали Қалиақпарұлы Павлодарға оралады. Алдымен Павлодар АІІБ-нің тергеушісі, кейін Іле аудандық милиция бөлімінің аға тергеушісі болып еңбек етті. 1983 жылдың мамырында Ертіс АІІБ-нің бастығы қызметіне тағайындалды. 

Одан кейінгі жылдары Павлодар облысы ІІБ ерекше ауыр қылмыстарды тергеу жөніндегі ауданаралық тергеу бөлімі бастығының орынбасары қызметінде жұмыс істеді. 2000 жылы Павлодар қаласы ІІБ бастығының орынбасары қызметінен зейнеткерлікке шықты. 

Ол жарымен бірге екі баланы: Рүстем мен Айгүлді тәрбиелеп өсірді. Ұлы әкесі мен атасының жолын қуып, Павлодар облысы ІІД шұғыл кезекшісі болып еңбек етіп жүр. Смағұловтар отбасылық династиясының жалпы еңбек өтілі қазірдің өзінде 163 жылды құрайды екен. 

Роман Александров, суреттер Смағұловтар отбасының жеке мұрағатынан алынды

 

 

 

ҰСЫНЫЛАДЫ
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды