- Басты
- Жаңалықтар
- Биыл «Мектепке жол» акциясы аясында 300 мың оқушыға көмек көрсетіледі
Биыл «Мектепке жол» акциясы аясында 300 мың оқушыға көмек көрсетіледі
«Биылғы жылы жергілікті атқарушы органдар осы акция аясында көмекке мұқтаж 300 мыңға жуық баланың тізімін дайындады. Балаларға көмек көрсетуге дайын демеушілердің тізімі құрастырылды. Сондай-ақ көмекке мұқтаж және акцияға белсенді қатысып, тиісті материалдық көмек алуы тиіс отбасылардың жеке тізімі де бар. Бүгінгі күні оқытумен қамтылмаған балаларды анықтауға, мектепті босатудың алдын алуға баса назар аударылуда, сондай-ақ экономикалық мүмкіндіктеріне байланысты, балаларының мектеп іс-шараларына қатысуын қамтамасыз ете алмайтын аз қамтамасыз етілген және көп балалы отбасыларға шефтерді бекіту жүргізіледі», - деді М. Әбдікәрім.
Төраға орынбасары атап өткендей, балаларды мектепке тасу мәселесіне баса назар аударылады. Министрлік жергілікті атқарушы органдарға осы жұмысты тапсырды.
«Мектептері жоқ ауылдар бар және балаларды мектепке тасуды қамтамасыз ету керек. Бүгінде 22 278 баланы мектепке тасу ұйымдастырылған. 768 автобус дайындалды. 42%-ы жаңартылды. Сондай-ақ жергілікті атқарушы органдар қазірдің өзінде заңнамаға сәйкес тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етілетін және қамтамасыз етілуі тиіс балалардың жекелеген санаттарының тізімін дайындап, талдау жүргізуі тиіс», - деп атап өтті ол.
Мәншүк Әбдікәрімнің айтуынша, «тәуекел тобына» жататын балаларды анықтау бойынша рейдтер жүргізу жоспарланып отыр.
«Әрбір елді мекенде, қала маңында, саяжайларда, фермалар мен шаруашылықтарда «тәуекел тобына» жататын балаларды анықтау бойынша рейдтер жүргізілетін болады. Бұл панасыз, қараусыз қалған балалар, жағдайы төмен отбасылардан шыққан балалар, оқудан бас тартатын балалар мен қайыршылықпен айналысатын, далада жұмыс істейтін балалар. Балалардың мұндай санаты жергілікті атқарушы органдар мен ішкі істер органдары жүргізетін рейдтер барысында анықталатын болады. Соның нәтижесі бойынша мекенжайлық, дербес тізімдер құрастырылады», - деп түйіндеді М. Әбдікәрім.
Еске сала кетейік, ағымдағы жылы «Мектепке жол» жалпы республикалық акциясы «Менің таңдауым – балаларға көмек көрсету!» ұранымен өтуде.
-
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
Биыл қанша ауыл ауыз суға қол жеткізеді -
Елордада «Рухани жаңғыру» аясында қандай жобалар жүзеге асуда -
Биыл магистратураға түсу үшін құжаттарды қабылдау қашан басталады -
Ж.Жабаевтың 175 жылдығы аясында жарық көрген 10 томдық жинақтың тұсауы кесілді -
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар қандай әлеуметтік көмек алады -
Мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 300 мыңнан астам қызмет алды -
Сотталғандарға қандай медициналық көмек көрсетіледі -
ДСМ: Дәрігерлер жалақысы, дәрі-дәрмекпен қамту және елдімекендердегі медкөмек мәселесі -
Қиын жағдайға тап болған көп балалы отбасыларға көмек беру жолдары қандай -
82 мыңнан астам адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
COVID-19: Бразилияда тәулігіне 10 мың-ға жуық адам вирус жұқтырған, Украина жаңа карантин ережелерін енгізді -
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты -
«Нұрлы жол» бағдарламасының жүзеге асуы