• Басты
  • Жаңалықтар
  • Бірыңғай дистрибьютор қант диабетін емдеуге қажетті дәрі-дәрмек жеткізуді жаңартады

Бірыңғай дистрибьютор қант диабетін емдеуге қажетті дәрі-дәрмек жеткізуді жаңартады

31 Шілде, 2017 18:16
Бірыңғай дистрибьютор қант диабеті мен шашыранды склерозды емдеуге қажетті дәрі-дәрмек жеткізуді жаңартады, деп хабарлады СК-Фармация баспасөз қызметі.

Қазақстандық науқастар жақын арада қант диабеті мен шашыранды склерозды емдеуге арналған препараттарды тегін алуды жалғастыра алады.

Бірыңғай дистрибьютор қандағы глюкоза деңгейін анықтау арқылы, қант диабетін емдеуге қажетті инсулин гларгин және тест-жолақтарды, сондай-ақ шашыранды склерозды емдеу үшін Интерферон бета-1b препаратын жеткізуге шартқа отырды. Дәрілерді ауруханаларға алғашқы жеткізу тамызда басталады.

Халыққа тегін дәрі-дәрмек сатып алу бойынша «СҚ-Фармация» бірыңғай дистрибьюторының Басқарма төрағасы Максим Касаткиннің айтуынша, бұл препараттарға баға курстық секірмелерден және құнсыздану көрсеткіштерінен кейін де өзгеріссіз қалған, бұл жылы өндірушілерге мұндай талаптармен тендерлік рәсімдерге қатысу тиімсіз болып табылады.

«Бірыңғай дистрибьютор өткен жылдың жазынан бастап бірнеше рет осы препараттарды сатып алуға тендер жариялады. Бірақ, өкінішке орай, өнім берушілердің ешқайсысы әлі өтінім бермеді. Сондықтан жақын уақытқа дейін бізге бұл дәрі-дәрмектерді сатып алудың және біздің емделушілерді қамтамасыз етудің сәті келмеді», - деп түсіндірді «СҚ-Фармация» басқарма төрағасы.

Қант диабетінің диагностикасына және еміне арналған бұл препараттар оларға шекті сатып алу бағаларының өзгеруінің арқасында сатып алынды.

«Осы сырқаттардың әлеуметтік маңыздылығын ескеріле отырып, Денсаулық сақтау министрлігінің 2017жылғы 11 мамырдағы бұйрығымен, қазақстандықтарды оларға аса қажетті дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету үшін, бұл препараттарға шекті сатып алу бағаларын өзгерту туралы шешім қабылданды», - деп қосты Максим Касаткин.

Сатып алу бағасын арттыру бірыңғай дистрибьюторға барлық тендерлік рәсімдерді қолайлы өткізуге және дәрі-дәрмекті ауруханаға тамыз айында жеткізудің басталуын ұйымдастыруға мүмкіндік берді.

Бірыңғай дистрибьютор басшысының айтуынша, дәрілік қамтамасыздандырудың үздіксіздігі үшін, заңнама жергілікті деңгейде дәрі-дәрмекті екі ай көлемінде сатып алуға мүмкіндік береді.

Сондықтан, мамыр айында препараттарға бағалардың өзгеруі басталған сәттен бастап, Бірыңғай дистрибьютормен жеткізудің жаңаруына дейін, науқастарды емдеу үшін қажетті дәрі-дәрмек көлемі облыстық денсаулық сақтау басқармаларымен сатып алынды.

Енді мемлекетпен кепілдендірілген тегін медициналық көмектің көлемі шеңберінде қант диабетімен емделушілер, бірыңғай дистрибуция жүйесі арқылы жақын арада тест-жолақтар және Лантус® – әсері ұзартылған инсулин гларгин препаратын ала бастайды.

Ал шашыранды склерозы бар науқастар үшін  ауруханаларға көп ұзамай Бетаферон препараты түседі. Жыл соңына дейін ел ауруханаларына 400 мың инсулин гларгинімен шприц-қалам және шамамен 30 мың бетаферон құтыларын жеткізу жоспарлануда.

 

Барлық жаңалықтар