- Басты
- ҚТЖ: Энергия үнемдеу бағдарламасы 152 млрд теңгеге жуық шығысты қысқартуға мүмкіндік береді
ҚТЖ: Энергия үнемдеу бағдарламасы 152 млрд теңгеге жуық шығысты қысқартуға мүмкіндік береді

Осы форум аясында "Қаладағы энергия тиімділігі" атты алтыншы конференция өтуде. Күн тәртібінде қалалық жоспарлау, құрылыс және көлік мәселелері талқылануда.
Батыр Котырев ақпараттандырғандай, Қазақстанда жалпы энергия тұтыну көлеміндегі көлік секторының үлесі жалпы үлестің 10-нан 20%-ына дейін өзгеріп отырады. Көлік секторы республикада энергия тұтыну бойынша төртінші орын алады.
«Осыған байланысты, біз көліктегі энергия тиімділігі жөнінегі іс-шараларды орындау қажеттігін түсінеміз. Теміржол көлігі - бүгінгі таңда қоршаған ортаға теріс әсері ең аз болатын ең экологиялық көлік түрі және оған келесі екі жағдайда қол жеткізіледі. Біріншісі - шығыстардың төмен салыстырмалы үлесі. Екіншісі - поездардың электр күшінің кеңінен қолданылуы дизельдік күшпен салыстырғанда тасталымдардың ең аз мөлшерін қамтамасыз етеді», - деп түсіндірді ол.
Қазақстанның теміржол көлігі энергия ресурстарын ең ірі тұтынушы болып табылады және жыл сайын Қазақстанда өндірілетін электр энергиясының 4 пайызын және дизельдік отынның 30 пайызға жуығын жұмсайды.
«Отын-энергетикалық ресурстарды сатып алуға жұмсалатын шығыстар, өкінішке орай, жыл сайын өсіп келеді. Бұл энергия ресурстары құнының қымбаттау қарқынымен байланысты. Бүгінгі күні поездар күшіне біз 94% және инфрақұрылымға 6% жұмсаймыз. Жалпы, компания шығыстары 100 млрд теңгеден астам. Энергия үнемдеу нәтижелілігінің негізгі көрсеткіші отын-энергетикалық ресурстардың салыстырмалы шығыстарын төмендету болып табылады», - деп атап өтті бас инженер.
2013 жылы компания басқармасы 2020 жылға дейінгі энергия үнемдеу бағдарламасын бекіткен болатын. Бағдарламаның негізгі мақсаты инновациялық-техникалық құралдар мен технологияларды енгізу негізінде теміржол көлігінің энергия тиімділігін арттыру болып табылады.
«Басым бағыттар - тасымалдау процесін толық және сенімді энергетикалық қамтамасыз ету, отын-энергетикалық ресурстардың салыстырмалы шығысын азайту. 2025 жылға дейін осы Бағдарламаны іске асыру 152 млрд теңгеге жуық қаражатты қысқартуға немесе отын-энергетикалық ресурстар шығысын 13%-ға төмендетуге мүмкіндік береді», - деп түйіндеді Б. Котырев.
"ҚТЖ" ұлттық компаниясының стратегиясы жаңартылатын және баламалы энергия көздері саласында қолданылатын ең жоғары технологияларды енгізуге бағытталған. Бүгінде сондай-ақ өндірістік процестерді ұлғайту бойынша кешенді шешімдер де қолданылады.
Ақбота Күзекбай
-
ЕАЭО нарығы: Өнім сапасына қатысты заң жобасының мүмкіндіктері
-
Биыл «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 158 мыңға жуық адам қатысты
-
Мүгедектік және асыраушысынан айырылғандарға жәрдемақы түрінде 97 млрд теңге төленді
-
Жыл басынан бері 4 мыңға жуық этникалық қазақ қандас мәртебесін алды
-
Қазақстандық энергия өндірушілердің шекті тарифтері 15%-ға артпақ
-
Көктемгі егіс: 11,8 млрд теңге тұқым себуге, 24 млрд теңге техникаға бөлінді
-
Жыл басынан бері көпбалалы аналар 45,6 млрд теңгеге жәрдемақы алды
-
Пандемияға 1 жыл: Той-томалақ өткізу көбейе берсе, коронавируспен күресіміз жалғаса береді - пульмонолог
-
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы: нәтижелер, мемлекеттік гранттар, микрокредиттер
-
Энергетика министрлігінің алқа жиыны: Мұнай саудасы, уран өндірісі, электр энергиясының өнімділігі
-
30 жыл: Елордада «Болашақ» бағдарламасының түлектерімен кездесу өтті
-
ҚР 2021-2025 жылдарға арналған сауданы дамытудың мемлекеттік бағдарламасы қалай жүзеге асады
-
Алматыда 35 мыңға жуық адам жұмыспен қамту орталығы арқылы жұмысқа орналасты
-
61 мыңға жуық қазақстандық зейнетақы аннуитеті шартына қол қойған
-
Қаңтар айында көпбалалы аналар 22,5 млн теңгеге жәрдемақы алды

