- Басты
- Жаңалықтар
- Қарағандыда Бұқар Жыраудың 350 жылдығын атап өту ұсынылды
Қарағандыда Бұқар Жыраудың 350 жылдығын атап өту ұсынылды
Қарағанды облысының әкімдігі хабарлағандай, бұл – аймақта іске асырылып жатқан процестер мен жобаларға байланысты сындарлы пікір айту мүмкіндігі.
Бұл күні талқыланған мәселелердің ауқымы кең және сипаты алуан түрлі.
Меймандар көшелердің атауын өзгертуден бастап машина жасау мен авиаөндіріс салаларында өздерінің өнертабыстартырын енгізгуге дейін, супермаркеттер экрандарында қазақ тілін үйретуге арналған бейнесабақтар көрсетуден Бұқар жыраудың 350 жылдық мерейтойына орай ауқымды мәдени шара өткізуге дейінгі әртүрлі идеялармен және ұсыныстармен бөлісті.
Келушілер ұсынған "Таланттар үйі", Жезқазған қаласында "Сарыарқа" әмбебап спорт кешенін тұрғызу, "Жаңа рух" зияткерлер клубы, «Қарағандының театралдық-музыкалық түндері» фестивалі жобалары үлкен қызығушылық тудырды.
Есірткіге қарсы қоғамдық жұмыс тобын құру, ерекше қажеттіліктері бар тұлғаларды оңалту бойынша келіп түскен бастамалар жекелеген өңірлік мәселелерді шешу жолында маңызды қадам болар еді.
Айта кетейік, «Рухани жанғыру» Бағдарламасын іске асыру бойынша Қарағанды облысының өңірлік жобалық кеңсесі аталмыш бастаманы қолдап, бейтарап қалмаған жандарға алғысын білдіре отырып, азаматтарды әр айдың соңғы жұма күнінде күтеді.
«Әрбір бастама, әрбір сөз болған ұсыныс және пікір ескеріледі және іске асыру үшін мемлекеттік органдарға ұсынылады», - дейді ұйымдастырушылар.
-
Елордада «COVID-19» хореографиялық қойылымы ұсынылды -
Елордада құтқарушылар күні атап өтілді -
Елордада «Ататүрік» саябағы аумағында 350 түп ағаш егілді -
Неонаталды скрининг және оны өту тәртібі -
Халық санағы: Өту барысы, санақ бұрыштары, деректер базасындағы қателер -
Семей ядролық сынақ полигоны жабылуының 30 жылдығына орай АҚШ Мемлекеттік департаменті мәлімдеме жариялады -
Карантин жағдайында Құрбан айт қалай атап өтіледі -
Сайлау-2021: Ауыл әкімін сайлауды ұйымдастыру, кандидаттарды тіркеу және өту барысы -
Бұқаралық спортты дамыту, цифрландыру және 30 жылдыққа орай ұйымдастырылатын шаралар -
Жолдаудағы саяси реформалар пакеті: Ауыл әкімдерін сайлау, партиялардың өту шегін төмендету, «барлығына қарсы» бағаны -
Ахмет Жұбановтың 115 жылдығына арналған концерт онлайн өтті -
Мәскеуде Қазақстан мен Ресей әріптестігінің 30 жылдығына орай конференция өтті -
Ақмола облысында жылына 350 тонна ешкі сүтін өндіретін ферма өнімдеріне сұраныс артты -
Ирандағы Абай орталығында Наурыз мерекесі атап өтілді -
Пандемия жағдайында Наурыз қалай атап өтіледі